Жаңалықтар
«CLIL-оқытушыларын даярлау және ҚР Жоғары оқу орындарындағы көптілді білім беруде пәндік-тілдік кіріктіріп оқытуды еңгізу үдерісін жаңғырту»
- Қаралды: 371
2019 жылдың 3 қазанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде алыс және жақын шетел ғалымдарының қатысуымен «ЖОО-дағы пән мен тілді кіріктіре отырып білім беруде кадрлық әлеуетті қалыптастыру және дамыту» тақырыбында он-лайн режиміндегі дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы Абай атындағы ҚазҰПУ, Шетел тілдері кафедрасы. Семинарға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары, «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі фил.ғ.к., доцент Карбозова Г.К., Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету орталығының басшысы Тасыбаева Ш.Б., Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау бөлімінің маманы Қоспармақова С. қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты- ЖОО-дағы пән мен тілді кіріктіре отырып білім беруде кадрлық әлеуетті қалыптастыру және дамыту бойынша тәжірибе алмасу, сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланған мәселе бойынша өз көзқарастарын білдіруге және негіздеуге мүмкіндік алды.
Абай атындағы ҚазҰПУ фил.ғ.д., профессор, «CLIL-оқытушыларын даярлау және білім жетілдіру инновациялық орталығы арқылы ҚР Жоғары оқу орындарындағы көптілді білім беруде пәндік-тілдік кіріктіріп оқытуды еңгізу үдерісін жаңғырту» жобасының ғылыми жетекшісі Т.Т.Аяпова кіріспе сөз сөйледі.
Azusa Pacific University және El Camino College (АҚШ) PhD профессоры Дэвис Брент «Problems of teaching Englisch to non specialists CLILL teachers Biology, Chemistry» тақырыбында, Zheijiang Yuexiu University of foreign Languages (Қытай) PhD профессоры Далабаева А.С. «Языковой аспект в обучении CLILL» тақырыбында баяндама оқыды.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы меңгерушісі фил.ғ.к., доцент Карбозова Г.К. «Университетте CLILL-технологияларын енгізу перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.
Назарбаев Университетінің «Қазақ тілі және түркітану» кафедрасының профессоры, фил.ғ.д. Кузекова А.С. «Кәсіби тілді оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.