«Жазықсыз жапа шеккен атпал азамат»

Жуырда Түркістан облысы Шымкент қаласында «Ұлт. Рух» қоғамдық бірлестігі мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихының архивінде белгілі қоғам қайраткері, Оңтүстіктің төл перзенті, саяси қуғын-сүргін құрбаны С.Үсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жазықсыз жапа шеккен атпал азамат» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің қонақтары болып М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-дың колледжі мен Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы, оқытушылары мен тыңдаушылары қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты С.Үсеновтың өмірімен танысу арқылы сол кісілердей халық жете тани бермейтін тұлғалды кеңінен насихаттау, рухани жаңғыруды жастарға  кеңінен түсіндіру,  ұрпақтар сабақтастығын күшейту. 

Алғашқы болып М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың колледжі мен дайындық орталығының басшысы,  тарих  ғылымдарының докторы, С.Үсеновтің ұрпағы Сейдехан Нұрмаханұлы сөз бастап, С.Үсеновтің өмірі жайында кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар «Ұлт. Рух» қоғамдық бірлестігінен келген танымал журналист «Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы  О.Тәжиев және Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихының архивінің директоры Шардарбекова Гүлнар саяси қуғын-сүргін құрбандары жайында жан-жақты әңгіме қозғап, бүгінгі біздің бақытты күніміздің, тәуелсіздігіміздің тектен-тек келмегендігін, батыр да ақылды бабаларымыздың қан-терінің бодауы екенін ескертіп, студент жастарды С.Үсенов сынды жұрт қанық біле бермейтін тұлғаларды зерттеп, тарихымызды түгендеуге шақырды.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.