Жаңалықтар
“Ең үздік шығарма”
- Қаралды: 752
Тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 22.05.2019 күні сағат 11:00-де “10 жылдан кейінгі Қазақстандағы білім беру жүйесі” тақырыбында “Ең үздік шығарма” сайысы өтті. Байқауды ұйымдастырудағы негізгі мақсат – қатысушылардың ҚР білім жүйесіне деген көзқарасын және ағылшын тілін қаншалықты дәрежеде меңгергенін бақылау (яғни лексика, грамматика бағыттары бойынша) болып табылады. Қатысушылар шығарма жазу барысында аталған келесі жағдайларға тоқталды:
1. Қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі.
2. Алдағы 10 жылда білім беру жүйесін дамытудың перспективалары
3. Күтілетін жағдай және қорытынды
Байқауға университет бойынша бір жыл көлемінде ағылшын тілі курсына қатысып,деңгейін жоғарылатқан ОҚМУ оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Іс-шара жазбаша түрде өткізілді. Бағалау комиссиясының құрамында ТДБ аудармашысы Белоусова Л.Н, ағылшын тілінің оқытушылары С.Д.Хамзаева, А. Жаналиева, Н.М. Тұрсынбектер жұмыс жасады. Бағалау барысында мынадай критерийлерге аса мән берілді: шығарманың көлемі (кем дегенде 150-200 сөз), мазмұны, грамматикалық сауаттылы0 және лексикалық сөз қоры. Жоғарыда аталған критерийлер бойынша жоғары нәтиже көрсеткен байқаудың қатысушылары бөлім тарапынан ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. I орынды Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық жоғары мектебінің оқытушысы, доцент Жақыпбекова Г.Т., II орынды Механика және мұнай газ ісі факультетінің оқытушысы Отуншиева А., III орынды Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебінің оқытушысы Байжанова А.Н. мен Падагогика және мәдениет факультетінің оқытушысы Мекенбаева Э.А. иеленді. Байқау әділ өтті және келесі жылы да жалғасын табады деп сенеміз.