«Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар»

2019 жылдың 17 мамыры күні университетіміздің педагогикалық мамандықтар бойынша 25 оқытушысы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы-Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар»  (260 сағ.) курсы бойынша сертификаттарды иемденді.

Курстың оқу мерзімі 7 аптаны құрады, оның 2 аптасы онлайн, 5 аптасы күндізгі оқыту түрінде өтті.

Профессор-оқытушылар құрамы курс барысында «Психологиялық-педагогикалық», «Мазмұндық», «Технологиялық», «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ЖОО пәндерді оқыту әдістемесінің негіздері» модульдері бойынша біліктіліктерін арттырып, оқыту пәндеріне сай портфолио дайындап, қорғап шықты және кәсіби шеберліктерін шыңдады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.