Жаңалықтар
2019 жылы 2 мамырда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университінде ҚР БҒМ 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 14-4/996 хатының негізінде 2019 жылға дәріс оқу және ғылыми кеңес беру үшін шетелдік ғалымдарды тарту жоспарын келісу және бекіту бой
- Қаралды: 337
2019 жылы 2 мамырда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ОҚМУ-дың Стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректоры Т. Раимбердиев, кафедра меңгерушілері мен оқытушы-профессор құрамының қатысуымен жиналыс өткізілді, онда 2019 жылға арналған ҚР БҒМ бағдарламасы бойынша шетелдік ғалымдарды іріктеу мәселелері мен критерийлері талқыланды.
Кездесу барысында Стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректоры Т. Раимбердиев шетелдік ғалымдарды оқытушылық және ғылыми қызметке іріктеу критерийлерін айтып, халықаралық ғылыми қоғамдастықта танылған жоғары дәйексөз индексі бар жетекші шетелдік мамандарды тартуға ерекше назар аударуға шақырды, сондай-ақ бағдарламаның тиімділігін арттыру мақсатында бірлескен ғылыми байланыс орнату қажет екенін атап өтті.
Іріктеу барысында Хирша бойынша шетелдік ғалымдардың жоғары көрсеткішіне, қызмет саласына, ғылым саласындағы жұмыс тәжірибесіне, дәріс тақырыбына баса назар аударылды.
Жиналыс барысында факультеттер мен жоғары мектептер ұсынған 35-тен астам әлеуетті шетелдік үміткерлердің кандидатуралары қаралды. Нәтижесінде 15 кандидат іріктелді.