Жаңалықтар
"Challenges in translation of scientific papers"
- Қаралды: 322
2019 жылдың 25-26 сәуір күндері Professional Development and Engagement орталығы және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ҒЗБ, Интеграция және ғылыми басылым қызметін жариялау бөлімі "Challenges in translation of scientific papers" атты халықаралық оқыту семинар-тренингін өткізді.
Аталған семинар ғылыми материалдарды ағылшын тіліне аудару сапасының мәселелеріне арналды. Семинарға қатысушылар ғылыми мақалаларды аударудың ерекшеліктерін және аудармашыда жиі кездесетін қателіктерді талдады, ғылыми стильде жазылған мәтіндерді аудару кезінде аудармашы тап болатын қиындықтарды қарастырды. Сонымен қатар, келесі бағыттар бойынша мастер-класстар өткізілді:
· Translating in a specialized context: understanding the challenges;
· Scientific translation: insight into grammar, vocabulary and style;
· Machine translation: advantages and disadvantages;
· Peculiarities of Translation of Scientific and Technical texts
· Lexical challenges in translation of scientific text into English.
Семинарға қатысушылар ғылыми аудармалар саласында тәжірибе алмасып, басталған жұмысты жалғастыру және осы тақырып бойынша бірқатар оқыту семинарларын өткізу қажеттілігі туралы ортақ пікір алмасты. Соңында, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.