"07М01-Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша Республикалық олимпиада

Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында педагогикалық ғылымдарды дамытуға  бағытталған талантты жас педагог-зерттеушілерді айқындау және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауды жетілдіру мақсатында 2019 жылдың10-12сәуірі күндері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде  "07М01-Педагогикалық ғылымдар"  бағыты бойынша Республикалық олимпиада өтті. "Жалпы педагогика және музыкалық білім" кафедрасының PhDдоктор, доцент А.М.Усенованың жетекшілігімен  6M010300 - педагогика және психология мамандығының магистранттарынан құралған  "Болашақ" командасы ашықтық, динамикалық, вариативтілік, серіктестік және өзара әрекеттестік, ғылымилық және шығармашылық тәсілдермен ерекшеленіп 19 командадан  II орынға ие болды. Сонымен қатар, командада педагогикалық шеберлігімен ерекшеленген М.Жұмабай Білім және ғылым министрінің грамотасына ұсынылды.  Біз, "Болашақ" командасына ғылым жолында үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.