«Экзотикалық және энзоотиялық аурулардың алдын алу, емдеу және күресу жолдары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы

Университетіміздің  қосымша қызмет көрсету аясын арттыру мақсатында Ғылыми-педагогикалық  кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі  мен «Ауылшаруашылық ғылым» Жоғары мектебі «Ветеринариялық клиникалық диагностика»  кафедрасының ұйымдастыруымен облыстың ветеринария саласының мамандары үшін «Экзотикалық және энзоотиялық аурулардың алдын алу, емдеу және  күресу жолдары» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырылды.

Курс өз жұмысын 22.03-27.03.2019ж. мерзімі аралығында Отырар аудандық ветеринария бөлімінің мамандарының біліктілігін арттырудан бастады. Аудан базасында ұйымдастырылған курстың тыңдаушылары қатарында:   Аққұм, Ақтөбе, Балтакөл, Көксарай, Қарақоңыр, Қарғалы, Қоғам, Маяқұм, Талапты, Темір, Шілік ауылдық округтерінің ветеринарлық пункт меңгерушілері, ветфельдшер-инспекторлары,  ветсанитарлары, веттехниктері және мал дәрігерлері бар. Курстың оқу бағдарламасы ауру жануарларды тексеру, ауру себептерін талдау, диагноз қою, терапиялық техниканы меңгеру және жұқпалы емес ауру болғанда профилактикалық шараларды жасақтау тақырыптарын қамтыған.

Курстың лекторлары: б.ғ.д. , профессор Қожабаев Мажит, аш.ғ.к., аға оқытушы Алиханов Оралбек, аға оқытушы Қаратаев Шалабай.

Осы курс бойынша «Түркістан қалалық ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК-нің ветеринар мамандары да өз біліктіліктерін арттырды. Алдағы уақытта курсты облыстың бірқатар аудандарында ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.