Жаңалықтар
«Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіруге қатысты қойылатын талаптар»
- Қаралды: 385
Кеше, 12.02.2019ж. Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіруге қатысты қойылатын талаптар» атты облыстық конференция болып өтті. Оған ОҚМУ Тілдерді дамыту бөлімімінің жетекшісі Ақтолқын Жамантаева қатысып қайтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңғыру- жазудан басталады» атты баяндама жасады. Онда жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің жобалық ережелерін басшылыққа ала отырып, әріптер емлесіне, жазу кезінде кездесетін кейбір сөздердің дыбыстық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тапсырмаларды ойын түрінде жеткізіп, барлық тыңдаушыларды жұмылдырды. Конференция қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, алдағы уақытта көптеген іс-шаралар өткізілетіні айтылды.