Жаңалықтар
"7-20-25" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы
- Қаралды: 355
07.02.19 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ - н "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің ұжымы ҚР Шымкент қаласындағы Ұлттық банк филиалының мамаңдарымен кездесті. Мамаңдар "Жастар жылы" аясында "7-20-25" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша егжей-тегжей түсініктеме берді. «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен бекітілді. «7-20-25» бағдарламасының негізгі мақсаты халықтың көптеген сегменттері үшін қол жетімді тұрғын үй ипотекасын құру болып табылады. Бағдарлама мемлекет басшының тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді және келесі талаптар бойынша ипотекалық тұрғын үй кредиттеуді көздейді: жылдық сияқы мөлшерлеме - 7%, бастапқы жарна - 20%, қарыз мерзімі – 25 жылға дейін.