Жаңалықтар
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқытушыларына арналған «Заманауи білім беру технологиялары» біліктілікті арттыру курсы
- Қаралды: 311
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында техникалық және кәсіптік білім беру ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керектігін айтқан болатын. Елімізде жүріп жатқан осындай экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мамандарды даярлау іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің педагог кадрларының біліктілігін арттыруға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында заманауи білім беру ортасын қалыптасыруға бағытталған «Заманауи білім беру технологиялары» курсы 2019 жылдың 15-і мен 25-і мерзімі аралығында ұйымдастырылды.
Курстың басты мақсаты, колледждің педагогикалық ұжымының теориялық, әдістемелік білімдерін байыту және тәжірибелік дағдыларға машықтандыру болып табылады.
Курстың тақырыптар аясы:
- дәрісті ұйымдастыру;
- оқу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау;
- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің нормативтік құжаттары;
- ТжКББ жүйесін модернизациялау жағдайындағы оқытушының оқу-әдістемелік жұмыстары;
- инклюзивті білім беру;
- «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының әдістері;
оқыту технологияларын пайдалану негізінде семинар сабақтарын ұйымдастыру.