Жаңалықтар
Қашықтықтан оқыту: тьюторлар мектебі
- Қаралды: 519
Әлемдік тәжірибелерді саралап қарар болсақ, педагог кадрлардың кәсіби даярлығы сапалы білім беру ісінің басты кепілі ретінде қаралады. Оқытудың заманауи технологияларын шебер меңгеріп, оны кәсібилікпен ұштастыра алатын оқытушының жаңа тұлғасын қалыптастыру қазіргі күннің көкейктесті мәселесі.
Осыған орай, Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі 19.12-29.12.2018ж. мерзімі аралығында Қашықтықтан оқыту институтының базасында «Қашықтықтан оқыту: тьюторлар мектебі» курсын ұйымдастырды. Курс тыңдаушылары қатарында университет оқытушылары және қашықтықтан білім беру бойынша Қарағанды, Ақтау қалаларындағы өкілдік қызметкерлері бар
Курстың негізгі мақсаты университет оқытушы-профессорлық құрамының заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелерді меңгеріп, қашықтықтан білім беру бойынша біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі және неғұрлым оңтайлы тәсілі қашықтан оқыту бойынша құзіреттіліктерін белсендіру.
Курстың оқу бағдарламасы қашықтықтан білім беру технологиясы мен қағидалары, тьютордың қызметі, ролі мен функциясы, Web-браузерлер. Электрондық оқытуды жеткізу құралдары. Web-серверлер. «Прометей» ҚББЖ. Тьютордың интерпейсін бекіту. Кітапханамен жұмыс. Дербес мәліметтерді қарау және өзгерту және т.б тақырыптарды қамтыды.