Жаңалықтар
«ҚР ЖОО-ларының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Жаңа нормативтік құқықтық актілер туралы»
- Қаралды: 329
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 26.12.2018ж. күні сағат 11.00-де бас ғимараттың конференц-залында «ҚР ЖОО-ларының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Жаңа нормативтік құқықтық актілер туралы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке қатысушылар Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 4 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа нормативтік-құқықтық актілермен таныстырылды.