"Жайдарман-2018" Жыл чемпионы анықталды.

"Жарасым  маусым" деп аталған Жайдарманның он төртінші  жылдық ойыны да осы жылды толықтай қорытындылады. Маусымашардан басталған негізгі 5 лиганың барлығында ақтық ойындар өтіп, әр лигада осы жылдың чемпиондары анықталды. Жайдарманның ең негізгі лигасына айналған «Жоғары лига» 14 желтоқсан күні финалдық ойынды өткізді. Жылдың басында 20 топтың қатысуымен басталған бұл бәйгенің соңғы турына бабы мен бағы қатар жанған 5 команда қатысты. Ақтық кезеңге жолдама алған жұлдызды топтардың әрқайсының өзіндік әзілдеу стилі және өздерінің жанкүйерлері бар. Сонымен, финалда ойнаған командалар: Ақтөбелік "Фемида", Маңғыстаудан "Боранқұл", Орал 0аласынан "Грант" және үшінші мегаполистен "ОҚМПУ құрамасы" мен "Байдың балалары". Ал, көптен күткен 2018 жылдың чемпион деген дәреже М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіміздің тарихында алғаш рет "Байдың балалары" командасына бұйырды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.