Жаңалықтар
Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
- Қаралды: 451
2018 жылғы 23 қарашада Білім беру бағдарламасын әдістемелік қамтамасыз ету орталығы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойы аясында TEDx Talks форматындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында конференция өткізді.
Конференцияға Республикамыздың 14 іргелі жоғары оқу орындарының өкілдері (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев Атындағы ҚазҰЗУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, А.Ясауи атындағы ХҚТУ), Шымкент қаласының 3 университеті және колледж оқытушылары мен жұмыс берушілері қатысты. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» аясында аударылған оқулықтарды оқу үрдісіне енгізу туралы», «Әлемдік философияны зерттеудің жаңа мүмкіндіктері», «Қоғамдық сананы жанғыртудағы әлеуметтанудың рөлі» жайындағы мәселелер талқыланды.
Спикерлер ретінде БББӘҚЕО бастығы Тасыбаева Ш.Б., философия ғ.к Шалдарбекова А.Б., саясаттану ғ.к. Рысбаева С.Ж. сөз алды.