Жолдауға қолдау көрсетеміз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында айқындалған «Назарбаев университетінің» тәжірбесін насихаттауды жүзеге асыру мақсатында және университетіміздің 75 жылдық мерейтойы құрметіне 12.10.2018ж. «Назарбаев университеті» ДББҰ мен Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті «Ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру» бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының әкімшілік қызметкерлері мен оқытушы-профессорлық құрамына арналған «Академиялық бағдарламаларды даярлау» тақырыбындағы тәжірибелік семинары болып өтті.

Семинардың мақсаты «Назарбаев Университеті» ДББҰ тәжірибесін насихаттау, Университеттегі қазіргі таңдағы академиялық жүйенің сапасымен, бірқатар бағдарлама жасаудағы тәжірибелік дағдылармен және білім беру нәтижелерін бағалау қағидаларымен таныстыруға бағытталған.

Спикерлер: НУ, Офис провоста, институционалдық тиімділік бойынша Бас директоры, доктор Дункан Пристли,  аға менеджерлер Мусина Айжан, Сүлейменова Әлия.

Қатысушылар қатарында: М.Әуезов ат.ОҚМУ, ОҚМПУ, ОҚПУ, М.Сапарбаев ат.ОҚГУ, «Мирас» университетінің, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің, Х.А.Ясауи ат.ХҚТУ, Тараз МПУ, ОҚМА, Шымкент университетінің, М.Х.Дулати ат. Тараз МУ, «Сырдария» университетінің, Қорқыт Ата ат. Қызылорда МУ өкілдері болды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.