Жаңалықтар
2018 жылдың 3 қазанында М. Әуезов атындағы ОҚМУ базасында Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің қолдауымен Халықаралық түрме реформасы (PRI) жүзеге асырылатын "CAPSTONE PROJECT" зерттеу жобаларының тұсаукесері бойынша іс-шара өтті.
- Қаралды: 375
2018 жылдың 3 қазанында М. Әуезов атындағы ОҚМУ базасында Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің қолдауымен Халықаралық түрме реформасы (PRI) жүзеге асырылатын "CAPSTONE PROJECT" зерттеу жобаларының тұсаукесері бойынша іс-шара өтті. Кездесуге PRI Орталық Азиядағы өкілдіктің аймақтық директоры - А. С. Шамбилов, ұлттық сарапшы/PRI кеңесшісі М.М.Тастанов, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы, "ОҚО заңгерлер қауымдастығының" басшысы Р. Р. Хобдабергенов қатысты.
Іс-шара барысында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бірінші проректоры Нұрманбетов Қайрат Энбекшіұлы және Орталық Азиядағы PRI Өкілдігінің аймақтық директоры Шамбилов Азамат Саматұлы құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бірінші проректоры Нұрманбетов Қайрат Энбекшіұлы "CAPSTONE PROJECT" жобасы қазақстандық жоғары оқу орындарында адам құқықтары бойынша пилоттық курстарға арналған, оқу процесін жақсарту және зерттеу әдістерін енгізу үшін жаңа білім беру құралын құру халықаралық ғылыми-зерттеу қоғамдастығында кеңінен танымал екенін атап өтті. Салтанатты ашылу барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (PRI) өкілдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойылды, меморандумның мақсаты халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ стратегиялық әріптестіктің негізгі бағыттарын және бірлескен қызмет нысандарын айқындау болып табылады.
Кездесу аясында халықаралық құқық саласындағы сарапшылардың қатысуымен "Құқықтану және халықаралық қатынастар" факультетінің оқытушылары мен студенттері үшін тренингтер өткізілді, онда "CAPSTONE PROJECT"жобасына қатысу мүмкіндіктері мен шарттары туралы толық ақпарат берілді.