«80 КҮН – 80 ИГІ ІС»: БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАҚСАТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«80 КҮН – 80 ИГІ ІС»: БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАҚСАТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«80 КҮН – 80 ИГІ ІС»: БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАҚСАТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
 
Университетімізде Әскери кафедрада Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қолға алынған «80 күн – 80 игі іс» акциясы аясында Шымкент қаласы колледждері мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Іс-шараға 85 мектеп, 17 колледжден жалпы 2000-ға жуық оқушы қатысты.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің бірінші проректорының м.у.а. Қ.Сарыкулов, «ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері» РҚБ Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник С.Онбаев, Шымкент қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Ә.Шегебаев, Әскери кафедраның бастығы, полковник Ж.Кенжебаев құттықтау сөз сөйлеп, патриоттық тәрбие беру, отаншылдық рухты көтеру, ұрпақ бойына патриоттық құндлықтарды сіңірудегі ойларымен бөлісті.

Патриоттық іс-шарада студенттер арасында өткен «Ұлы Жеңіске 80 жыл: естелік, мақтаныш, мұра» тақырыбындағы байқау жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар, келушілер назарына Әскери кафедраның әскери техникалар, қару-жарақ және РХБҚ приборлар көрмесі ұсынылып, атыс алаңында жаттығулар көрсетілді.

Іс-шараға қатысқан оқушылар әскери сала мамандығына қызығушылық танытқанын және Әуезов университетіне оқуға түсуге ниетті екендігін білдірді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.