Іс-шаралар
2022 жылдың 28 наурызында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Zoom платформасында 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс құжаттамасын түсіндіру мақсатында вебинар өткізді.
Вебинар модераторы Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры Парманқұлова Перизат Жақсылыққызы, спикерлері Жобаларды жүргізу орталығының басшысы Ботбаев Мұрат Мұхамеджанұлы және Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің басшысы Оралбай Ержан Нұрдәулетұлы болды.
Вебинарда конкурс құжаттамасына сәйкес өтінімдерді ресімдеу тәртібі, жоба жетекшісі мен күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар таныстырылып, сұралатын қаржыны негіздеу мәселелері қарастырылды. «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым-постдокторанттардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар, жекеше әріптес тарапынан салымның көлемі мен шарттары таныстырылды. Постдокторанттың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі немесе 2013 жылдан бері қарай ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) болуы немесе докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға болуы тиіс екендігі айтылды. Сонымен қатар докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға жобаны іске асыруға шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде өзін қорғауға міндетті екендігі сөз болды. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптарға баса назар аударылды.
Вебинарға жоғары мектеп пен факультеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары, докторлық білім беру бағдарламасын аяқтаған докторанттар қатысты. Онлайн вебинар барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, көптеген сұрақтар қойып, толық мәліметтер алды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |