- Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлеріндегі су, су ресурстарының сапасын мониторингтік зерттеу;
- М. Әуезов атындағы ОҚУ және ҚР жоғары оқу орындарының бакалаврларын, магистранттарын және PhD-докторанттарын даярлауға қатысу;
- өнеркәсіптік өндіріс зертханаларына ауыр металдар мен улы қоспалардың құрамы бойынша атомдық абсорбциялық спектрометрия әдісін қолдана отырып, өндірілетін өнімнің құрамы мен қасиеттеріне зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- минералдық шикізат пен техногендік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша салалық өндірістердің дәстүрлі технологияларын жетілдіру, жаңа технологияларын құру.
Зертханада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Зертханада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Жобаның мақсаты – органикалық қышқылдарды пайдалана отырып, отандық төмен сұрыпты фосфат шикізатын фосфор (V) оксиді бойынша байыту үрдісін кешенді зерттеу.
Жобаның құны 19 млн теңге.
Жобаның мақсаты – ауылшаруашылығы құстарының өнімділігін арттыру үшін қоңыр көмір өндіру қалдықтарынан органоминералды азық қоспаларын өндірудің ғылыми негізделген технологиясын әзірлеу.
Жобаның құны – 24 миллион теңге.
Жобаның мақсаты ауыр металдармен ластануды кешенді бағалау, қоршаған ортаға әсерді бағалау, ауыр металдармен ластанудың өзен экожүйелеріне әсерін зерттеу, денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау: ауыр металдармен ластанудан өзен бойында тұратын елді мекендердің денсаулығына ықтимал қауіптерді бағалау.
Жобаның құны – 3 миллион теңге.
Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу зертханасы AP23487663 «Наноқұрылымды суды кешенді зерттеу: су жүйелерінің жылулық, электрлік және құрылымдық сипаттамалары» тақырыбы бойынша 2024-2026 жылдарға гранттық қаржыландыру жобасын жүзеге асыруда.
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына бір жоба (AP26194381 «Су тазарту жүйелеріндегі ауыр металдарды каталитикалық адсорбциялау үшін құрамында мыс бар металлорганикалық қосылыстарды (МОҚ) әзірлеу және оңтайландыру») ұсынылды. 1 жоба ұсынылды (BR28713547 Су ортасын ауыр металдар мен органикалық ластаушы заттардан тазарту үшін металл-органикалық каркастарға, магниттік нанобөлшектерге және кеуекті керамикаға негізделген әмбебап гибридті наноқұрылымды катализаторлар мен фотокатализаторларды әзірлеу және зерттеу). Неміс ғылыми қоры жариялаған ғылыми жоба конкурсына екі жоба ұсынылды (Ағынды сулардан талшықты микропластиктер мен бейорганикалық ластаушы заттарды іріктеп алу үшін қоңыр көмір қалдықтарынан композиттік сорбенттік материалдарды әзірлеу), әмбебап гибридті наноқұрылымды катализаторлар мен фотокатализаторларды әзірлеу және зерттеу; Ауыр металдар мен органикалық ластаушы заттардан тазарту). Өзбекстан Республикасының «Жасыл ұшқын» жобасы конкурсына Сырдария өзені бассейніндегі ауыр металдардан суды инновациялық тазарту үшін металлорганикалық қосылыстар негізінде каталитикалық адсорбциялық жүйелерді әзірлеу және қолдану тақырыбы бойынша бір жоба ұсынылды. (Сырдария өзені бассейнінде ауыр металдардан суды инновациялық тазарту үшін металлорганикалық қосылыстар негізінде каталитикалық адсорбциялық жүйелерді әзірлеу және қолдану).
2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған белсенді шығармашыл жастар қоғамдастығын дамытуға бағытталған жаңа және бұрыннан бар жастар бастамаларын мемлекеттік қолдауға арналған «Тәуелсіз ұрпақтары» гранты бойынша бір ғылыми жоба аяқталды.


Райымбеков Еркебұлан Батырбекұлы
Зертхана меңгерушісі, философия докторы (PhD), постдокторант
Қамбарова Ғалия Әмзеқызы
Аға ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
2025 жылы жүргізілген зерттеу тақырыптары бойынша жарияланымдар
AP23487663 «Наноқұрылымды суды кешенді зерттеу: су жүйелерінің жылулық, электрлік және құрылымдық сипаттамалары» гранттық қаржыландыру жобасының аясында Web of Science және Scopus дерекқорларында индекстелген журналда үш мақала жарияланды:
Өнертабысқа патент жіберілді:
2 монография жарық көрді:
