Іс-шаралар
Конкурстық құжаттама бойынша ақпараттық семинар өткізілді
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті 25 қазан күні 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттамасы бойынша түсіндіру семинарын өткізді. Семинардың басты міндеті - қатысушыларды жобалық өтінімдерді гранттық конкурста қатысу үшін дұрыс рәсімдеуге бағыттау. Аталған семинардың спикері ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры П. Ж. Парманкулова болды. Сондай-ақ семинарда Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің бастығы Е. Н. Оралбай және Жобаларды қалыптастыру орталығының басшысы Дархан А. З. сөз сөйледі. Департамент қызметкерлері келесі негізгі ойларды егжей-тегжейлі түсіндірді:
- Жобалық өтінімдер мен құжаттаманы дайындаудың негізгі критерийлерін;
- Жобалар бағаланатын негізгі негізгі критерийлер: ғылыми жаңалық, инновация, әлеуетті-практикалық маңыздылығы, сұралған бюджеттің негізділігі және т. б.
Мұндай семинарды ұйымдастыру қатысушыларға құжаттарды сауатты дайындауға және ғылыми жобалар бойынша грант ұтып алу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.
|
|
|
|
Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының ғалымдарымен ынтымақтастық
Жас ғалым PhD доктор, «Жас ғалым» жобасының жетекшісі Исмаилов Бахытжан Абдухаликұлы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының «Жалпы және бейорганикалық химия» институтында х.ғ. д., профессор Б.С.Закировтың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жоба тақырыбы АР15473609 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін фосфорқұрамдас тыңайтқыштарды алу технологиясын жасау». Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін техногендік қалдықтар негізінде құрамында фосфор бар тыңайтқыштарды алу технологиясын әзірлеу мақсатында жас ғалым Б.А. Исмаилов ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және фосфор өндірісінің қалдықтарын кәдеге жарату бойынша жұмыс жүргізді. Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының ғалымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары біздің ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастығымызды нығайта түсуде.
Ғылыми мектеп дәстүрлерінің сабақтастығы: жоба орындаушылары -докторанттар
Қазіргі әлемде отандық ғылымды сапаға қарай бағдарламаса және жас ғалымдарды дайындауға назар аудармаса, ел экономикасы бәсекеге қабілетті бола алмайды. Ғылыми кадрларды жоспарлы даярлау қоғамда зияткерлерді, елдің жасампаз ғылыми әлеуетін сақтау және дамыту міндеттерін едәуір дәрежеде шешеді және ғылыми мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді.Қазіргі уақытта М. Әуезоватындағы ОҚУ-індеAP14869066 «Фосфориттерді электротермиялық өңдеудің ресурс үнемдейтін шлаксыз технологиясын әзірлеу» тақырыбында гранттық жоба жүзеге асырылуда. Осы жылы жобаның орындаушылары А.Д. Бадикова мен М.А. Төлеев 8D07220-«Металлургия» мамандығы бойынша емтихандарды сәтті тапсырып,докторантураға қабылданды. Докторанттардың зерттеу тақырыбы марганец және хромды ферроқорытпалар өндірісінің техногендік қалдықтарынан - легирленген болаттарды балқыту кезінде үлкен сұранысқа ие таңбалы өнімдерді алумен, сондай-ақ цементті мыс пен түрлі ферроқорытпаларды ала отырып, Оңтүстік Қазақстанның мыс-магнетит кендерін кешенді қайта өңдеумен байланысты. Сондай-ақ, осы жобаның орындаушысы Р.А. Утеева 8D07160-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының екінші курс докторанты болып табылатынын атап өткіміз келеді, оның докторлық жұмысының тақырыбы осы гранттық жобамен ұштастырылған.Жобаның жетекшісі-техника ғылымдарының докторы, профессор Шевко Виктор Михайлович. Ғалымның гранттық және бағдарламалық-нысаналы, бастамашыл шаруашылық жобаларды жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар. Профессор жастарды ғылыми жобаларды орындауға тарту арқылы сапалы ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Нәтижесінде ғалым 6 ғылым докторын, 17 ғылым кандидатын, 10 ғылым магистрін дайындады. Профессор В.М. Шевконың шәкірттеріжоба орындаушылары- докторанттар А.Д. Бадикованы және М.А. Төлеевті шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік, ғылыми шабыт, өз қабілеттеріңізді көрсетуге және ешқашан тоқтап қалмауға тілектеспіз!
Ғылыми жобалар және
бағдарламалар департаменті
Түсіндіру семинары өткізілді
Auezov University Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті 10 қазанда 2025-2027 жылдары ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың конкурстық құжаттамасын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды. Спикер ретінде Департамент директоры П.Ж. Парманкулова түсіндіру семинарын өткізді. Семинар барысында экономикалық үйлестіру бөлімінің басшысы Е. Н.Оралбай да сөйледі.
Конкурстың мақсаты-ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Семинарға қатысушылар конкурстық құжаттаманы ресімдеу бойынша көптеген сұрақтарға жауап алды.
|
|
|
|
|
|
«Жас ғалым» конкурсы -жастардың ғылымға апарар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылымның бүгінгі дамуы - елдің ертеңгі табысының кепілі. Қазір ұлттық ғылымды жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми инновациялар, жаңалықтар қажет» деп атап өткен болатын.Auezov Universityжоғарғы оқу орындары арасында мемлекеттің инновациялық дамуына және отандық ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосуда.Ғылымды дамытуда ауыз толтырып айтатын бағыттардың бірі - ғылыми жобалар. Университеттің жас ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелері ғылымның дамуына лайықты үлесін қосуда.
24 сәуір күні Auezov University-інде Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Сәуір айы-ғылым айы» іс-шаралар аясында «Жас ғалым» конкурсы -жастардың ғылымға апарар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен және университет жас ғалымдары мен қонақтардың қатысуымен өткізілді. Дөңгелек үстелге Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің басшысы Оралбайұлы Ержан модераторлық етті. Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры П.Ж. Парманкулова өз сөзінде Auezov University жас ғалымдары жобаларының қаржы көлемі 396 млн. теңгені құрап отырғандығын, «Жас ғалым» жобасы аясында 4 жас ғалымның докторлық диссертациясын қорғағандығын және Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Отбасы банкімен» бірлесіп 2023 жылы іске қосқан жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бойынша 8 жас ғалымның үйлі болғандығын айтып өтті. «Жас ғалым» грант иегерлері Смайлов Б.М., Туракулов Б.Б., Серікұлы Ж., Таджиев Х.Х., Багова З.И., Асылханқызы А. өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстел жас ғалымдар үшін көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алған, ашық микрофон форматында ұйымдастырылған пайдалы іс-шара болды.
|
|
|
|
|
|
Ғалымдар монографиясы Integrated Publications-те
М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті АР0905788 «Жабық топырақты жерлерге арналған техногенді қалдықтар негізінде ұзартылған әсері бар қос суперфосфат сапалы органоминералды тыңайтқыш алудың инновациялық технологиясын әзірлеу» жобасы бойынша дайындалған ұжымдық монография integrated Publications шетелдік баспасында жарияланғаны туралы қуанышты жаңалықпен бөлісіп отыр. Integrated Publications химиялық технология мен ауыл шаруашылық саласында тұрақты прогресс бойынша маңызды ғылыми-зерттеу және академиялық жұмыстарды таратуда сарапшы болып табылатынын атап өткіміз келеді. «Harnessing Technogenic Waste: Innovative Methods for Creating Fertilizing Products»ұжымдық монографиясын ғалымдар тобы PhD, қауымдастырылған профессор У.Б.Назарбектің жетекшілігімен дайындады. Х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П., PhD, қауымдастырылған профессор Абдуразова П.А. және PhD, постдокторантЕ.Б.Райымбековтерменавторлық бірлестікте дайындалды. Монография маңызды жаһандық проблеманы ғылыми тапқырлық пен инновация мен практиканың тоғысқан түйісінде инновациялық зерттеулер арқылы қарастырады. Ғылыми жұмыс техногендік қалдықтардың әлеуетін пайдалану жолын сипаттайды. Мұқият жүргізілгнен зерттеу өнеркәсіптің жанама өнімдерін қоректік заттарға бай тыңайтқыштарға өңдеудің жаңа тәсілдерін ашады.
|
|
|
-AP13068539 «Инволюциясы бар төртінші ретті параболалық және гиперболалық түрдегі дифференциалды теңдеу үшін есептің шешімділігі». Жоба жетекшісі PhD Сәрсенбі Әбдісалам Әбдіжаханұлы. Жоба «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» басымдығы бойынша орындалады, зерттеу түрі – іргелі.
2023 жылдың 1 тамызынан бастап келесі 4 жобаны мониторингтеу басталды:
-AP14869314«Парафинді мұнайды тасымалдауға арналған депрессорлы мақсаттағы химиялық реагенттерді алу». Жоба жетекшісі х.ғ.д., профессор Надиров Казим Садыкович. Жоба «Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басымдығы бойынша орындалуда, зерттеу түрі - қолданбалы;
-AP14869066 «Фосфориттерді электротермиялық өңдеудің ресурсты үнемдейтін қалдықсыз технологиясын әзірлеу».Жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Шевко Виктор Михайлович. Жоба «Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басымдығы бойынша орындалуда, зерттеу түрі - қолданбалы;
-AP14872527 «Сейсмикалық аудандарда пайдаланылатын мұнай үшін магистральдық құбырлардың төзімділігін арттыру». Жоба жетекшісі т.ғ.к., доцент Молдағалиев Арман Бердібекұлы. Жоба «Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басымдығы бойынша орындалуда, зерттеу түрі - қолданбалы;
-AP14872068 «Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту міндеттері контекстінде Түркістан облысындағы тіл саясаты мен тәжірибесін зерттеу». Жоба жетекшісі ф.ғ.д., профессор Боранбаев Сандыбай Режепович. Жоба «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша орындалуда, зерттеу түрі – қолданбалы.
бағдарламалар департаменті
«Жас ғалымдар – ғылымдағы өзгерістер көшбасшысы» дөңгелек үстелі
Луи Пастердің айтқанындай «Ғылымның дамуы оның ғалымдарының еңбегімен және олардың ашқан жаңалықтарының құндылығымен анықталады». Бұған 2022 жылы университет ғалымдарының қаржы көлемі 1 млрд. 802 млн. теңгені құрайтын ғылыми жобаларды ұтып алуы негіз бола алады. Оның ішінде 552 млн.теңге жас ғалымдар жобасының қаржы көлемін құрайды. Атап айтар болсақ, «Жас ғалым»-постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру нәтижесінде қаржы көлемі 288 млн. теңге болатын 16 жоба орындалуда. Жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін қаржыландыру бойынша 5 жобаның қаржы көлемі 263 млн. теңгені құрап отыр. Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күні мерекесіне арналған Ғылым онкүндігі аясында 14 сәуір күні «Жас ғалымдар – ғылымдағы өзгерістер көшбасшысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге университетіміздің «Жас ғалым» грант иегерлері, жас ғалымдар зерттеулерінің грант иегерлері қатысты. Дөңгелек үстелді PhD, Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры Парманкулова Перизат Жақсылыққызы жүргізді. Дөңгелек үстел спикерлері, PhD, «Жас ғалым» грантының иегерлері Таджиев Хамидулла Хабибуллаұлы, Бажирова Камшат Нурлыбекқызы, PhD докторант, «Жас ғалым» грантының иегері Кудабаев Руслан Бахтиярұлы өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына тоқтала отырып, өз зерттеулерінің ғылымға және елімізді дамытуға қосар үлесі туралы айтып өтті. Сонымен қатар жас ғалымдар ғылымның бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін, мемлекеттің дамуындағы айрықша рөлін сөз етті. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті және жас ғалымдар мұндай бас қосуларды ай сайын өткізіп отыруды жоспарлады.
|
|
|
Бүгін біз Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жыл сайын 12 сәуірде ғылымның пайдасын қоғамның түсінуін арттыру мақсатында атап өтіледі. Бұл ғалымдардың жаңашыл идеялары, жаңалықтары мен білімдерінің жарқын мерекесі. Бұл қалыптасқан ірі ғалымдардың ғана емес, өз жолын енді бастаған жас ғалымдардың да мерекесі.
Ғылым қоғамды алға жылжытады, технологияны дамытады, өндірісті жетілдіреді және бүкіл өркениетіміздің жаңа жолдары мен көкжиектерін ашады.Қазір ғылым, білім, бизнес және мемлекеттің тығыз өзара іс-қимылын көріп отырғанымыз қуантады.
ПРЕСС -АНОНС
Биыл AUEZOV UNIVERSITY Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күнін ерекше атап өтті. Ғылым онкүндігі аясында жас ғалымдардың «ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖЕТІСТІКТЕРІ» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Ғылым қызметкерлері күніндегі ең маңыздысы - «ЖАС ҒАЛЫМДАР ЗАЛЫ» ашылды. Залды Басқарма төрағасы-ректор Д.П. Қожамжарова және «Жас ғалым» грант иегері Х.Х. Таджиев салтанатты түрде ашты. Ғылымды дамытуға үлес қосып жүрген жас ғалымдар университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды. Қорытынды кеште Бірінші проректор Қ.Е. Нұрманбетов, Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Ұ.С. Сүлейменов, Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры П.Ж. Парманкулова, жас ғалым грант иегері А.А.Утебаевақұттықтау сөз сөйлеп, университетіміздің жас ғалымдарына алғыстарын білдірді. Іс-шараны жүргізген Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің басшысы Е.Н. Оралбай.
2023 жылдың 6 сәуірінде М. Әуезов атындағы ОҚУ-інде Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күні мерекесіне арналған «Ғылым онкүндігі» өз тұсауын кесті. Осы онкүндік университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің «SCIENCE TIME»көрмесімен ашылды. Көрмеге гранттық жобалардың, жас ғалымдар жобаларының, студенттік стартап-жобалардың ең үздік жетістіктері қойылды.Қазіргі таңда университеткеғылыми жобалар арқылы келетін қаржы көлемі 3 млрд. теңгеден асып отыр. Оның ішінде нысаналы-бағдарламалық, гранттық, халықаралық жобалар;жас ғалымдар жобалары; коммерцияландырылған жобалар және жекесектор қаржыландыратын жобалар бар.Атап айтар болсақ, биологиялық белсенді заттар мен жеміс-жидек ұнтақтарын алу мақсатында жеміс, жидек дақылдарының және отандық селекциядағы жүзімнің перспективалы сорттарын қайта өңдеу технологиясын әзірлеу, мұнайгаз салаларына арналған коммерциялық реагенттерді алу үшін мақта гудронын өндеу, парафинді мұнайды тасымалдауға арналған депрессорлық мақсаттағы химиялық реагенттерді алу, қорғасын өндірісінің техногендік қалдықтарын қайта өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеу, фосфориттерді электротермиялық өңдеудің ресурсты үнемдейтін қалдықсыз технологиясын әзірлеу, ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін және топырақтың құнарлығын арттыру үшін гуматқұрамдас тыңайтқыштарды алудың технологиясын әзірлеу, органикалық қышқылдарды қолдану арқылы төменсұрыпты фосфориттерді іріктемелі шаймалау үрдісін кешенді зерттеу, гумат құрамдас күрделі минералды тыңайтқыш алудың жаңа технологиясын әзірлеужәне т.б. жұмыстары жүргізілуде. Көрмеге келушілер «Жас ғалым» грант иегері болған жас ғалымдардың ғылыми жобалары мен жұмыстарын үлкен ықыласпен тыңдап, қызығушылық танытты. «SCIENCE TIME» аймағында әр ғалым өз жетістіктері жайлы әңгімелеп, ғылымды дамытуға қосқан үлестерімен бөлісті. Бүгінгі өткізілген «SCIENCE TIME» атты ғылыми жетістіктер көрмесі жарқын сәттерімен әр қатысушының есінде қалады деп сенеміз. Ғалымдарды мерекесімен құттықтаймыз, ғылыми жаңалықтар, бірегей идеялар мен зор денсаулық тілейміз!
2022 жылдың 28 наурызында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Zoom платформасында 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс құжаттамасын түсіндіру мақсатында вебинар өткізді.
Вебинар модераторы Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры Парманқұлова Перизат Жақсылыққызы, спикерлері Жобаларды жүргізу орталығының басшысы Ботбаев Мұрат Мұхамеджанұлы және Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің басшысы Оралбай Ержан Нұрдәулетұлы болды.
Вебинарда конкурс құжаттамасына сәйкес өтінімдерді ресімдеу тәртібі, жоба жетекшісі мен күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар таныстырылып, сұралатын қаржыны негіздеу мәселелері қарастырылды. «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым-постдокторанттардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар, жекеше әріптес тарапынан салымның көлемі мен шарттары таныстырылды. Постдокторанттың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі немесе 2013 жылдан бері қарай ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) болуы немесе докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға болуы тиіс екендігі айтылды. Сонымен қатар докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға жобаны іске асыруға шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде өзін қорғауға міндетті екендігі сөз болды. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптарға баса назар аударылды.
Вебинарға жоғары мектеп пен факультеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары, докторлық білім беру бағдарламасын аяқтаған докторанттар қатысты. Онлайн вебинар барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, көптеген сұрақтар қойып, толық мәліметтер алды.
23 желтоқсан 2021
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті 2021 жылғы 23 желтоқсанда ZOOM платформасында 2022-2024 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы түсіндіру бойынша семинар өткізді. Семинар модераторы: департамент директоры Парманкулова Перизат Жақсылыққызы. Спикерлер: жобаларды сүйемелдеу орталығының бастығы Мұрат Мұхамеджанұлы Боттаев және жобаларды экономикалық үйлестіру бөлімінің бастығы Оралбай Оралан Нұрдәулетұлы. Семинарда конкурстың басым бағыттары, іске асыру мерзімдері, постдокторантқа қойылатын талаптар, күтілетін нәтижелер, құжаттарды толтыру тәртібі, өтінімді тіркеу тәртібі айтылды. Семинарға 79 адам қатысты.
2021 жылғы 11 қарашада "өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг – ICITE-2021" VІII халықаралық жыл сайынғы конференциясы шеңберінде "ғылыми зерттеулер - индустриялық-инновациялық дамудың драйвері"халықаралық дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелдің модераторы ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті директорының м.а. Перизат Жақсылыққызы Парманқұлова болды. Өз баяндамасында ол дөңгелек үстелге қатысушыларды ЮКУ атындағы ғылыми жобалар туралы таныстырды. М. Әуезов. Университет ғалымдары 2021-2023 жылдары 659 млн. теңгеден астам сомаға жобаларды жүзеге асыратынын атап өтті. Сонымен қатар, П. ж. Парманкулова ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында алынған ғалымдарымыздың жетістіктерімен бөлісті: өсімдік шикізаты негізінде биологиялық белсенді қоспалар Стевий жасалды, вакуумдық қайта өңдеу арқылы қант пен оның компоненттерін қоспай өнім алынды; әмбебап көпфункционалды аспалы құралдың тәжірибелік үлгісі жасалды( УМНО-4/1); мақта майын қайта өңдеудің жанама өнімінен алынған майлы қышқылдардың Мұнай негізіндегі тиімді сусыздандыру үшін бәсекеге қабілетті деэмульгаторлар әзірленді; кальцийлендірілген сода өндірісінің дистиллерлі сұйықтығын қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиясы әзірленді; химиялық Ағынды суларды сорбциялық тазарту үшін жергілікті бентонит, баяу балқитын саздар және мұнай Паламы негізінде көпфункционалды сорбенттер алу технологиясы жасалды; covid-19 пандемиясы кезеңінде оқытушылардың кәсіби күйіп қалуының алдын алудың Денсаулық сақтау технологиялары әзірленді; жедел лимфобластикалық лейкемияны емдеу үшін жанама әсерлерінсіз қатерлі ісікке қарсы жаңа фермент әзірленді және т. б.
Дөңгелек үстелге онлайн қатысушылардың саны 80-нен астам адамды құрады. Дөңгелек үстел жұмысына Ұлыбритания, Финляндия, Румыния, Үндістан, Ресей, Түркия, Украина және Өзбекстанның шетелдік ғалымдары қатысты:
Ивахненко Александр Петрович-PhD, Мұнай инженериясы институтының профессоры, Хериот-Ватт университеті, Ұлыбритания;
Аравиндакумар С. Т. - PhD, профессор, Махатма Ганди университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, Үндістан;
Али Тораби Хагиги-PhD, Оулу университетінің профессоры, Финляндия;
Михай Теопент Корчес-PhD, Альба-Юлия университетінің профессоры, Румыния;
Рита Моурия-PhD, профессор, Сэм Глобал университетінің Фармация факультетінің деканы, Үндістан;
Болдырев Станислав Александрович-Томск политехникалық университетінің Химиялық және биомедициналық зерттеулер зерттеу мектебінің ғылыми қызметкері, Ресей;
Нематов Шерзод Қаландарұлы-ф. - м. ғ. д., профессор, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры, Өзбекстан;
Евлаш Виктория Владленовна-т. ғ. д., профессор, Мемлекеттік биотехнологиялық университетінің химия, Биохимия және микробиология кафедрасының меңгерушісі, Украина;
Потапов Владимир Алексеевич-Т. ғ. д., Мемлекеттік биотехнологиялық университетінің профессоры, Украина;
Базаров Нұржан Абайұлы –"TAZA-SU-KZ"жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
Спикерлер ең өзекті тақырыптарды таңдады. Әр қойылым өте мазмұнды және пайдалы болды. Сөз сөйлеулердің ойластырылған, өзекті, алуан түрлі мазмұны ғалымдарға үлкен стимул берді.Дөңгелек үстел өте серпінді және ашық режимде өтті және ынтымақтастық пен ғылыми идеялар мен білім алмасу алаңына айналды.
2021 жылғы 21 сәуірде ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Zoom платформасында "ғылымды қаржыландырудағы маңызды өзгерістер"тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарды ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті директорының м.а. Парманқұлова Перизат Жақсылыққызы өткізді. 2020 жылы ғылым жобалардың санын емес, сапаны бағалау процесін бастағанын көрсетті. Ғылымды қаржыландырудағы 7 маңызды өзгерістерді атап өтті: 1) ғылыми жобалар конкурстарын жыл сайын өткізу 2) гранттар түрлерін ұлғайту (бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстар, гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар, іске асыру мерзімі 12 ай гранттық қаржыландыру конкурстары, іске асыру мерзімі 27 ай коллаборациясы бар гранттық қаржыландыру конкурстары және т. б.) 3) ұзақ мерзімді (кемінде 5 жыл) конкурстар және мега-гранттар өткізу 4) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру гранттарын нақты ұлттық ғылыми-техникалық және, 5) жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыруға жеке конкурс өткізу 6) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу 7) Ұлттық Ғылыми Кеңес туралы ережеге өзгерістер енгізу. Сондай-ақ, "Ғылым туралы"Заңға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда.
15 ақпан
15 ақпан 2021 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде. М. Әуезовтің "пандемия жағдайында онлайн оқыту құралдарының мүмкіндіктері" тақырыбында вебинар өткізіліп, "585761-EPP" жобасының әзірленген курстары бойынша ақпарат берілді-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP "Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi", сондай-ақ e-learning үшін жаңа технологиялар мен құралдар, әсіресе онлайн оқытуға көшу қажеттілігіне алып келген Covid-19 пандемиясына байланысты жағдайға байланысты. Осыған байланысты онлайн оқыту құралдарын білу ерекше өзектілікке ие болды. Вебинарды Химиялық инженерия және битехнология жоғары мектебінің "Биотехнология" кафедрасының жобасына қатысушылар ұйымдастырды. Жобаларды дайындау және сүйемелдеу орталығы. Вебинар жұмысына ҚазҰУ белсенді қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ш. Уәлиханов, ЮКУ им. М. Сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, сонымен қатар ОҚМПУ, химия - биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, жалпы білім беретін орта мектебі сияқты қауымдастырылған серіктес жоғары оқу орындарының және басқа да ұйымдардың тыңдаушылары көп болды. М.Горький атындағы мектеп-лицей, №46 лицей және т. б. вебинарға қатысушылар саны 100-ден астам адамға жетті.
ЮКУ им EduEnvi жобасының командасы. М.Әуезов еуропалық әріптес жоғары оқу орындарында оқыту семинарлары кезінде алған әдіснамалық және аспаптық құзыреттіліктерімен бөлісті және білімнің жаңа форматымен қалай жұмыс істеуге болатынын, оқытудың жаңа технологияларын қалай қолдануға болатынын; бейнедәрістерді жазуды қалай жүргізгенін; оқу процесінде электрондық оқыту құралдарын (Canva, Logo, Prezi, GoogleForm, GoogleClassroom, Zoom, WebExmeeting, Kahoot, Socrative және басқалар) қалай пайдаланатынын көрсетті.
Әзірлеушілер практикалық тапсырмалар студенттерді индустриялық салада туындайтын нақты жағдайлар мен жобаларды шешуге тарту үшін нақты нарықты пайдалана отырып жасалғанын атап өтті, бұл сайып келгенде студенттердің біліктілік деңгейін арттыруға да, одан әрі жұмысқа орналасу қабілетін қалыптастыруға да бағытталған.Вебинар соңында сауалнама жүргізілді, онда респонденттер жоба аясында әзірленген курстардан өтуге, тәжірибе алмасу үшін жоба ұйымдастыратын вебинарларға қатысуға ниет білдірді, жоғары оқу орындары, мектептер, колледждер, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында нәтижелердің мультипликациялық әсерін күшейту.
|
16 сәуір 2021
2021 жылдың 16 сәуірінде Zoom платформасында ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті университет ғалымдары үшін " ғалымның профилін қалай толтыру керек?». Вебинар модераторы, А. ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры Перизат Жақсылыққызы Парманқұлова 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа университет ғалымдары 3 басымдық бойынша қатысатынын атап өтті: "Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар", "ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар" және "әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер". Сондай-ақ, байқауға қатысқан кезде орындаушылардың ғалым бейінін дұрыс толтыруының маңыздылығын атап өтті.
Жобаларды қалыптастыру орталығы бастығының м. а. Козбакова Сабина Кулесбайқызы "ғалымның профилін қалай толтыру керек?"Сондай-ақ, бейне материалдар түрінде ҰМҒТСО базасында тіркелу, ғалымның бейінін толтыру, ORCID ID және Publons ID нөмірлерін алу көрсетілді. Вебинарға қатысушыларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық орталығының ақпараттық жүйесінде ғалымның бейінін тіркеу ережелері таныстырылды, сондай-ақ толтыру кезінде жиі жіберілетін қателер көрсетілді. Ғалымның профилі жарияланған конкурстарға, оның ішінде ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына қатысу үшін маңызды екендігі түсіндірілді.
|
|