Міндетті грант өтемі

Міндетті грант өтемі туралы.??
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші курс білім алушыларына Қаржы орталығының жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызы ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл жұмыс өтілімі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге университетіміздің Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығының директоры мен білім алушылар қатысты. Қаржы орталығының маманы Ақзира Серікқалиқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен, Қаржы орталығы тарапынан жүргізілген Ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс -қимылы туралы түсіндірме жасады.
2023 жылғы бітірген жас мамандардың «электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіне СМС хабарлама келетіндігі туралы, және зейнет ақы аударымдарын тексеру мақсатында жас маманның келісімін беру 511 немесе 512 жауабын таңдау арқылы жүзеге асатынын түсіндірді.
2023 жылғы бітірген жас мамандардың «электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіне СМС хабарлама келетіндігі туралы, және зейнет ақы аударымдарын тексеру үшін жас маман келісімін берген жағдайда 511 жауабын таңдайды, келіспей 512 жауабын таңдаған жағдайда зейнет ақы аударымдары туралы ақпаратты Қаржы орталығына түлектің өзі жіберіп отыруға міндеттеледі.
Кездесу барысында, білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға толық жауап берілді. Университетте түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.