М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Медиа қызметі орталығы
Міндеті:
- университеттің жағымды медиа бейнесін қалыптастыру;
- университеттің ақпараттық саясатын қалыптастыру;
- республикалық және өңірлік ресми бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) өзара әрекеттесу;
- жалпы университет және онда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- мерзімді басылымдарды, блог саласын, әлеуметтік желілерді, виртуалды қауымдастықтарды, видеохостингті қамтитын университеттің БАҚ қызметін үйлестіру;
-университет қызметі туралы ақпараттық және жарнамалық материалдардың таратылуын қамтамасыз ету.
-пресс-конференциялар, брифингтер, медиа киттер, университеттің құрылымдық бөлімдері басшыларымен БАҚ-та сұхбаттар ұйымдастыру.