М. Әуезов атындағы Оңтүстік Зерттеу Қазақстан университетінде «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг – ICITE 2026» (Industrial Technologies and Engineering – ICITE-2026) атты XIII Халықаралық жыл сайынғы конференциясы өтеді.
ICITE 2026 халықаралық конференциясы өнеркәсіп, инженерия, цифрлық технологиялар, экономика, білім беру және ғылымның сабақтас салаларындағы өзекті жетістіктерді, заманауи үрдістер мен даму перспективаларын талқылауға арналған ғылыми алаң болып табылады.
Конференцияға Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің ғалымдары, зерттеушілері, оқытушылары, докторанттары мен жас ғалымдары, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері және сарапшылар қауымдастығы қатысады.
ICITE 2026 аясында инновациялық технологияларды енгізу, өнеркәсіп пен экономиканы цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект, тұрақты даму, өндіріс тиімділігін арттыру, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, сондай-ақ ғылым, білім беру және өндіріс арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Конференцияның мақсаты
Конференцияны өткізудің мақсаты – іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін таныстыру және талқылау, ғылыми және практикалық тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және ғылыми-технологиялық дамудың перспективалы бағыттарын айқындау үшін халықаралық ғылыми-коммуникациялық алаң құру.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша зерттеу нәтижелерін талқылау жоспарлануда:
Таңдалған конференция материалдары E3S (Web of Conferences, Proceedings of SPIE) ISSN: 2267-1242 нөмірімен жарияланады және Scopus ғылымиметриялық дерекқорына индекстеу үшін ұсынылады.
Конференцияның ғылыми бағыттары
1.1 Мұнай-газ саласы: барлау, өндіру және қайта өңдеу
1.2 Полимерлік және композициялық материалдар
1.3 Химиялық технологиялар, силикат материалдары және металлургия
2.1 Агроинновациялар және агробизнес
2.2 Тамақ өнімдері инженериясы және азық-түлік қауіпсіздігі
2.3 Жеңіл және тоқыма өнеркәсібіндегі инновациялар
2.4 Машина жасау, көлік, механика және логистика
2.5 Заманауи сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары
2.6 Жаңартылатын энергетика және энергия тиімділігі
3.1 Физика-математика ғылымдарындағы заманауи зерттеулер
3.2 Бағдарламалық инженерия (Software Engineering) және цифрлық шешімдер
3.3 Өнеркәсіптік өндірістердегі IT және зияткерлік автоматтандыру
3.4 Қазақстан мен қоғамның цифрлық трансформациясы
3.5 Ғылым мен білім берудегі жасанды интеллект
4.1 Биотехнология және биоинженерия
4.2 Экология және тұрақты даму
4.3 Фармацевтикалық технологиялар және дәрілік заттар
4.4 Өндірістік қауіпсіздік және санитариялық технологиялар
5.1 Жаңа шынайылықтағы Қазақстан: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер
5.2 Тәуелсіз Қазақстан: тарихы, бүгіні және болашағы
5.3 Заманауи заңнама және құқықтық реформалар
5.4 Экономикалық трансформация және жаңа сын-қатерлер
6.1 Ыбырай Алтынсарин мұрасы және заманауи білім беру
6.2 Педагогика, философия және тілдерді заманауи зерттеу
6.3 Инклюзивті білім беру және арнайы білім беру практикалары
6.4 Дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салты
6.5 Заманауи өнер, мәдениет және креативті индустриялар
