Новости
Состоялось заседание ученого совета
- Просмотров: 51
М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы - ректоры Дархан Ахмед-Закидың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысының алдында Дархан Жұмақанұлы ұзақ жылдардан бері ғылым және жоғары білім беру саласында табысты еңбек етіп келе жатқан университеттің бірқатар ғалым-оқытушылары мен қызметкерлерін мерейтойымен құттықтап, ғылыми атақтары мен дәрежелерін иеленген ғалымдарға аттестаттары мен дипломдарын, сонымен қатар халықаралық және республикалық байқаулар мен сайыстарда жеңімпаз атанған білім алушыларға дипломдары мен жүлделерін салтанатты түрде табыстады.
Оқу орнының басшысы биылғы жылы университетімізде атқарылған жұмыстардың ең маңыздысы- Президент тапсырмасы аясында АҚШ-тың Arizona State University-мен стратегиялық әріптестіктің табысты жүзеге асырылғандығын атап өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Мұнан әрі Ғылыми кеңестің күн тәртібінде университеттің академиялық, ғылыми, мәдени қызметтеріне байланысты бірқатар өзекті мәселелер қарастырылды.
Бірінші мәселе университеттің ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми-зерттеу зертханалары жұмысының нәтижелері мен даму перспективаларына арналды. Бұл сұрақ бойынша ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор м.у.а. Асылбеков Б.Қ. баяндама жасап, ҒЗИ және ҒЗЗ қызметтерінің тиімділігін қайта қарау, оларды оңтайландыру мәселесіне тоқталды. Екінші мәселе бойынша «Заң» факультетінің деканы Елікбай М.А. факультеттің университеттің даму стратегиясы аясындағы жай-күйін өткен оқу жылдарымен салыстыру негізінде сипаттап, даму перспективалары туралы баяндады. Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Бейсенбаев С.Қ. білім алушыларға арналған шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар қызметінің жүзеге асырылуы, сонымен қатар университеттің баспа орталығының қызметі туралы баяндамасында аталмыш салалардың жұмысын онан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді. Университеттің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының (Foundation) қызметі туралы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы Камалдинов Р.Ә. баяндады. Университеттің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мусабеков Қ.А. кәсіподақ ұйымының 2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Кеңес отырысында университеттің QS WUR 2027 рейтингіне дайындығы туралы мәселеге ерекше назар аударылды. Стратегиялық даму департаментінің директоры Джунусбекова С.Ш. оқу орнының халықаралық рейтингке дайындығының жүзеге асырылуы жөнінде есеп берді.
Сонымен қатар университет ОПҚ-ны «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағын беруге ұсыну, ОПҚ-ның оқу құралдарын баспадан шығаруға ұсыну, жаңа оқу зертханасын ашу, жаңадан ашылған диссертациялық кеңестердің тұрақты құрамының міндеттерін бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қаралды.

Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter