Таза қала – мәдениет айнасы
- Факультет: xt
- Кафедра: chemtech
"Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы"
кафедрасының аға оқытушысы Артыкова Жадыра
Куанышовна және оқытушы Куралтаев Бекжан Оразтайұлы ХТ-24-13к
тобының студенттерімен «Таза қала – мәдениет
айнасы» атты тақырыпта сенбілікке шықты.
Бұл бастама тек қана аумақты қоқыстан тазалау емес — ол ұстаз бен студент
арасындағы өзара құрметті тереңдетіп, ортақ мекенімізге деген жауапкершілікті
айқындайды.
Бір мақсатқа жұмылған ұжымның ісі әрдайым нәтижелі. Таза қала мен таза орта
— өз қолымызда.
Бүгінгі шараның рухы ерекше: аудиториядан тыс жерде де табиғатты аялауды,
еңбектің бағасын білуді үйреніп келеміз.
Күн шуақты сәттегі бірлескен еңбек көңілді сергітіп, топтың ұйымшылдығын
күшейтті. Қоршаған ортаны бірге көркейтейік!




