ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ – ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Факультет: it
Кафедра: tele

«Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының философия докторы (PhD), аға оқытушысы  Сатылханова Гульмира Алихановна қоғамда ізгілік пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған қайырымдылық шараларына белсенді қолдау білдіріп келеді. Осы мақсатта 2025 жылдың 26-шы қарашасы күні «Бір тамшы мейірім» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді және іс-шараның жалғасын 2025 жылдың 10 желтоқсанында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылы, Абай көшесі, 17A мекенжайында орналасқан «Түркістан облысының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл іс-шара ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуді және қоғамның әлеуметтік осал топтарға деген назарын арттыруды мақсат етеді. Сонымен қатар, Сатылханова Гульмира Алихановна демеушілерді тарту жұмыстарын ұйымдастырып, нәтижесінде «KHG Project» ЖШС директоры Сейділда Жақсылық Сағидоллаұлын қайырымдылық шарасына демеуші ретінде жұмылдырды. Демеуші балаларға қажетті әлеуметтік пакеттер сатып алу үшін өз тарапынан қайырымдылық көмек көрсетті.

 

 

Ссылки

Социальные сети

Документы

Медиа файлы


Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter
Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос