"Қуантсан баланы қуант"

Факультет: it
Кафедра: tele
12.01.2026 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Ақпараттық технологиялар және Энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы С.С. Каржаубекова Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайырымдылық іс шара бойынша барды. Мектеп директоры Шорабек Н.Ш. бізді қуана қарсы алып, мектеп тынысымен таныстырды. Кездесу барысында мектеп ұжымы бізге арнап оқушылардың спорттық деңгейімен таныстыру мақсатында спорттық іс-шаралар жүргізді. Оқушылар арасында өзара жарыс ұйымдастырып өз өнерлерін көрсетті. Мектептегі оқушылардың бәрі алғыр, ақылды балалар екен. Біздің ұжым үшін бұл кездесу ерекше, әрі әсерлі болды. Оқушыларға арнап «Қуантсаң баланы қуант» демекші демеушілік ретінде оқушыларға арнап ақыл ойды, зейінін, есту қабілетін дамытатын ойыншықтар да ала бардық.
Бұл мектеп ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мамандандырылған білім ордасы. Бұл мекеме балалардың әлеуметтік бейімделуіне, оңалту жұмыстарына және еңбекке баулуға бағытталған.
Мекеменің негізгі мақсаты: Мектеп-интернат интеллектуалдық дамуында ауытқулары бар балаларды оқытуға, тәрбиелеуге және оларды қоғамға бейімдеуге арналған.

Ссылки

Социальные сети

Медиа файлы


Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter
Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос