«Жігіт сұлтаны – 2025»

24 желтоқсан күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары арасында «Жігіт сұлтаны – 2025» сайысы өтті. Математика, Қазақстан тарихы, биология пәндерінің оқытушылары И. Аманқұлова, Ж. Байназарова, Б. Сайлауовалардың бастамасымен ұйымдастырылған бұл шарада шет елден атамекенге арман қуып жеткен тыңдаушылар алдағы келе жатқан жаңа жылдың құтты, сәтті, жемісті жыл болуын тілеп, тыңдаушылар арасындағы жігіт сұлтанын анықтаумен бірге «Қош келдің Жаңа жыл!» деп қызықты кеш өткізді.

 «Жігіт сұлтаны – 2025» сайысында өз өнерлерін ортаға салып, түрлі сынақтардан сүрінбей өткен өнерлі азаматтарға тиісті орындағы сыйлықтар табыс етілді.

 І орын – «Химия-биология» тобының тыңдаушысы Болатов Асылбек «Жігіт сұлтаны – 2025»;

 ІІ орын – «География-математика» тобының тыңдаушысы Оразов Айбек «Білімді жігіт»;

ІІІ орын – «Дүниежүзі-Ағылшын» тобының тыңдаушысы Алибеков Жамшидбек «Өнерлі жігіт»;

IV орын – «Химия-биология» тобының тыңдаушысы Ауелбеков Елнұрбек «Сымбатты жігіт»;

V орын – Дүниежүзі-ағылшын» тобының тыңдаушысы Моминов Бекзат «Қайсар жігіт»;

VI  орын – «География-математика» тобының тыңдаушысы Тургунов Нұржас «Ұлттық рух иесі» номинацияларымен марапатталды.    

Қызықты іс-шарадан көңіл күйлері көтерілген Дайындық орталығының тыңдаушылары алдымыздағы жаңа жылымыз – Жылқы жылына жақсы тілектер айтып, өздерінің жаңа жылда бір-бір мамандық иелері болуына тілектестіктерін білдірді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос