Қөркемөнер студиясы
Шығармашылық кәсіптер орталығында студенттерге арналған дыбыс жазу студиясы, би (хореография), студенттік сән театры (дефиле), көңілді тапқырлар клубы, вокал, вокалды-аспаптар ансамбль (ВИА) үйірмелері бар. Бұл үйірмелердің сапалы өтуі үшін А оқу корпусында арнайы жабдықталған шығармашылық кабинет қарастырылған.
Шығармашылық үйірмелерге жоғары мектептер мен факультеттерден 2022-2023 оқу жылында – 565, 2024-2025 оқу жылында – 600 студент қамтылды. Үйірмеге қатысқан студенттер үлкен жетістіктерге қол жеткізуде.
Шығармашылық кәсіптер орталығының КТК (көңілділер, тапқырлар клубы) жетекшісі О.Уәлиханов бастаған «Мадемуазель» құрама командасы «Жайдарман» лигасында Чемпион, ІІ республикалық «NOMADLIGA» ойынында Вице- чемпион, Шымкент қалалық «ЖАЙДАРМАН» лигасында Чемпион атанды. 2023 жылы «Мисс Шымкент-2023» байқауында ММГ-20-1к1 тобының студенті А.Арыстан «ТОП-10» үздіктер қатарына қосылып, финалға өтті. Сонымен қатар үйірмеге қатысушылар «Жас талант» «Жыл аруы» «Студенттік көктем» байқауларда жүлделі орындардан көрініп келедіЕгер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз















