1

Конференция залдары

Академик С.Т. Сүлейменов атындағы мәжіліс залы – университеттің ғылыми-интеллектуалдық орталықтарының бірі. Бұл залда маңызды шешімдер қабылданатын Ғылыми кеңестің отырыстары, халықаралық және республикалық деңгейдегі форумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізіледі. Сондай-ақ, шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен сарапшыларының ашық дәрістері мен тәжірибе алмасу кездесулері де осы алаңда ұйымдастырылады. Зал заманауи мультимедиалық құралдармен жабдықталған, ғылыми пікір алмасу мен талқылауларға ыңғайлы жағдай жасалған.

Халықаралық зал — университеттің жаһандық байланыстарын дамытуға арналған маңызды алаң. Бұл жерде шет елдік қонақтармен, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерімен, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілерімен ресми кездесулер, келіссөздер, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімдері өтеді.

Диссертациялық кеңес залы – ғылым саласында маңызды академиялық іс-шаралар өтетін арнайы жабдықталған орын. Бұл залда диссертация қорғау рәсімдері өткізіледі (магистрлік, PhD, докторлық);  ғылыми жобаларды талқылау, сараптау, ұсыныстар беру секілді жындар Zoom байланыс арқылы жүзеге асады.  Зал мультимедиалық құралдармен (проектор, микрофон, дыбыс жүйесі) жабдықталып, ресми форматқа сай жабдықталған.

Жас ғалымдар залы – университет қабырғасындағы ғылыми-академиялық және халықаралық іс-шараларды өткізуге арналған маңызды алаң. Университеттегі іс-шаралар, кеңестер, жас ғалымдармен кездесулер, тәжірибе алмасу семинарлары, еліміздегі, шет елдегі қонақтармен кездесулер, шет елдік ЖОО, ғылыми институттар өкілдері, Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің Төтенше және Өкілетті елшілерімен халықаралық ынтымақтастық кездесулері өткізіледі. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.