Театр

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мәдениет және өнер» факультетінде студенттерге арналған 2 театр жұмыс істейді. Қойылым үшін №8 оқу ғимаратында 400 орынға арналған театр сахнасы жасақталған.

 «ДУМАН» халықтық жастар театры – 2004 жылы «Мәдени-тынығу және сахналық қызмет» кафедрасы жанынан құралған. Театрдың көркемдік жетекшісі – Азамат Әбдіқадыров, режиссері – Ерлан Ақылбеков.
Жетістіктері:

 2014 жылы Павлодар қаласында «Студенттік театр» фестивалінде II орын алды (Жетекші: А. Емкулова);
 2024 жылы Қарағанды қаласы Е. Букетов атындағы университетте өткен Республикалық пәндік олимпиадада бас жүлде жеңіп алды (Жетекші: Е. Ақылбеков, Д. Мұсақұлова);
 2024 жылы Түркістан облысында өткен театрлар арасындағы фестивалде I орын алды (Жетекші: Е. Ақылбеков, А. Әбдіқадыров)
 2025 жылы Алматыда Абай атындағы ҰПУ «Студент және Сахна» студенттік театр фестивалінде жүлделі II орын алды (Жетекші: Е. Ақылбеков, А. Әбдіқадыров)
 2025жылы Семейде Шәкәрім университетінде өткен «Адамдық борышың» студенттік театр фестивалінде бас жүлде иегері атанды (Жетекші: Е. Ақылбеков, А. Әбдіқадыров);

 Соңғы 3 жылда сахналанған қойылымдар:

«Мен Таулықпын»,  авторы – М. Мақатаев; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Ұлым, саған айтамын...», авторы –  Б. Беделхан; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Бейкүнә Бейтаныстар», авторы – Ф. Болонья, аударған және режиссері – Е. Ақылбеков.

«9» , авторы – Р. Роуз.

«Мұражай түні»,  авторы –  М.Тренк; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Жабайы тіршілік»,  авторы – О. Нигро; режиссері: О. Уәлиханов.

«Тіл табысқандар»,  авторы –  Мар Байжиев; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Ақымақтың қойын дәптері»,  авторы және режиссері  – Е. Ақылбеков.

«Менің атым Қожа»,  авторы – Б. Соқпақбаев; режиссері: Е. Ақылбеков.

 «Жансебіл», авторы – Ж. Қорғасбек; режиссері: Е. Ақылбеков.

«ӨРКЕН» студенттік театр-студиясы «Өнер» кафедрасы жанынан құралған. Студенттік театры 2010 жылдың наурыз айында аталмыш факультеттің сахнасында ресми түрде ашылып, содан бері тұрақты түрде жылына кем дегенде 7-8 қойылым қойып, көрермен алдына шығып жүр. Театрдың негізгі мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді өткізу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сондай-ақ жастарды тәрбиелік мәні бар қойылымдар арқылы тәрбиелеу.

Театрдың көркемдік жетекшісі: «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Еркебұлан Жолдасов. Режиссері – оқытушы Керім Мүтәлі. Әр жылда театр қабырғасында ойнайтын студенттер саны өзгеріп отырады. Қазіргі таңда театрда нақты 40-қа жуық студент өнерін шыңдап жүр.  Жетістіктері:
2010 жыл – қалалық «Балауса» жас театр үйірмелер арасындағы сайыста В.Шукшиннің «Микроскоп» қойылымымен «Үздік режиссура» номинациясының иегері;
2016 жыл – Ақтөбе қаласында өткен «Балауса» театрлар фестивалінде «Үздік классикалық қойылым» номинациясының және «Үздік классикалық образ» номинацияларының жеңімпазы;
2022 жыл – Түркістан қаласында өткен Халықаралық «Өнер» фестивалінде «Гран при» иегері. (У.Голдинг «Шыбын ғұмыр»)
2023 жыл – Алматы қаласы «Абай атындағы Ұлттық Өнер университеті» ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Студент және сахна» Республикалық театрлар фестивалінің «Гран при» иегері; (М.Әуезов «Көксерек» қойылымы);
2023 жыл – Алматы қаласы «Абай атындағы Ұлттық Өнер университеті» ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Студент және сахна» Республикалық театрлар фестивалінің «Үздік режиссура» номинациясының иегері (режиссер Жолдасов Е.);
2023 жыл – Алматы қаласы «Абай атындағы Ұлттық Өнер университеті» ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Студент және сахна» Республикалық театрлар фестивалінде театр актрисасы Елшібек Шұғыла «Үздік актриса» номинациясын жеңді;
2024 жыл – Алматы қаласы «Абай атындағы Ұлттық Өнер университеті» ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Студент және сахна» Республикалық театрлар фестивалінде «Бас жүлде» иегері. (У.Голдинг «Шыбын ғұмыр»)

 Соңғы 3 жылда театр қабырғасында қойылған қойылымдар
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» спектаклі. 2023 жыл, мамыр (режиссері Е.Жолдасов)
Е.Жолдасов «Дезертир» спектаклі.2024 жыл, қыркүйек (режиссері Е.Жолдасов)
И.Меччи «Арыстан патша» мюзиклі. 2024 жыл, қазан (режиссері Е.Жолдасов)
М.Омарова «Ақтастағы Ахико» спектаклі. 2024 жыл, қазан. (режиссері Е.Жолдасов);
И.Меччи «Арыстан патша» мюзиклі. 2025 жыл, қазан (режиссерлері Е.Жолдасов, Медетов А.);
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» спектаклі. 2025 жыл, мамыр. Сарыағаш қаласы гастроль (режиссері Е.Жолдасов);
Е.Жолдасов «Жатақхананың жігіттері» комедиясы. 2025 жыл, желтоқсан (режиссерлері Е.Жолдасов. Мүтәлі Ә.).


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.