Жетіасар

«Жетіасар» шығармашылық орталығы – «Мәдениет және өнер» факультетінде  (№8 оқу ғимараты) орналасқан. Орталық шеберхана мен көрме залынан тұратын ұлттық қолданбалы өнерді насихаттауға бағытталған, студенттердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Шеберханада студенттерге тоқыма кілем тоқу, гобелен, киіз басу, ши тоқу секілді дәстүрлі өнер түрлері практикалық негізде үйретіледі. Сондай-ақ түрлі материалдарды қолдану әдістері көрсетіліп, шығармашылық композиция негізінде бұйымдар жасау және шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Көрме залында танымал суретшілердің жұмыстары мен студенттердің семестр бойы жасаған үздік туындыларының көрмелері тұрақты түрде өткізіліп тұрады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.