7M06140 Математикалық және компьютерлік модельдеу
Жалпы мәліметтер
- «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен білім алушылары білім мен ғылым саласындағы жыл сайын жоғары жетістіктер көрсетіп келеді.
- Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын әртүрлі қазақстандық және шетелдік рецензияланатын журналдарда жариялаумен белсенді айналысады. Кафедра жыл сайын әртүрлі журналдар мен ғылыми конференциялар жинақтарында 100-ден астам мақалалар жариялайды.
- Кафедраның ғылыми дәрежесі бар ОПҚ үлесі 50%-дан асады. Оның ішінде 4 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты және 2 PhD (философия докторы). Қалған оқытушылар Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылым магистрлері.
- Кафедрада 2026-2030 жж. келесі мемлекеттік бюджеттік тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:
- Интеллектуалды ақпараттық жүйелерді дамытудың теориялық және қолданбалы аспектілері және жасанды интеллектті қолдана отырып бағдарламалық шешімдерді құру (п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Изтаев Ж.Д. жетекшілік етеді)
- Табиғи және техногендік жүйелердегі күрделі динамикалық процестердің математикалық және компьютерлік модельдерін әзірлеу және зерттеу (т.ғ.д., профессор Исмаилов Б.Р.)
- 2025-2026 жылдары ОПҚ гранттық конкурстарға 6 өтінім берілді.
- Қорғау құжаттарын: патенттерді, пайдалы модельдерге патенттерді және компьютерлерге арналған бағдарламаларға авторлық куәліктерді алу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Соңғы тіркелген патенттер:
- Дисперсті материалдарға арналған кептіргіш. Пайдалы модельге Патент. Исмаилов Б.Р. және т. б. №7918, 2023ж.
- Құйынды шаң жинағыш. Пайдалы модельге Патент. Исмаилов Б.Р. және т. б. №7920, 2023ж.
- Ылғал құйынды шаң жинағыш. Пайдалы модельге Патент. Исмаилов Б.Р. және т. б. №7921, 2023ж.
- Жеті регенеративті жылу алмастырғышпен айналмалы суды салқындатуға арналған қондырғы. Изтаев Ж.Д. және т.б. №10382, 11.04.2025 ж.
- Сегіз регенеративті жылу алмастырғышпен айналмалы суды салқындатуға арналған қондырғы. Изтаев Ж.Д. және т.б. №10949, 01.08.2025 ж.
- Кейбір авторлық куәліктер: Жеке меншік өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру (2025 ж), Python программалау тілін оқытуда есептік ойлауды қолданудың әдістемелік негіздері (2025 ж.) және т.б.
- Кафедра ОПҚ мен білім алушылары жүргізген ҒЗЖ нәтижелері бойынша оқу процесі мен өндіріске енгізудің 25 актісі дайындалды.
«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының оқытушылар-профессорлық құрамының 2023-2025 жылдарға перспективалық біліктілікті жоғарылату жоспары
|
№ |
Оқытушының аты-жөні |
Қызметі, ғылыми- дәрежесі |
ЖОО жұмыс стажы |
Соңғы біліктілігін арттырған орны мен мерзімі |
Біліктілікті арттыратын ББ атауы |
Біліктілікті арттыру орны және мерзімі |
|
1 |
Көпжасарова Асылзат Ауезқызы |
аға оқытушы, PhD докторы |
13жыл |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, желтоқсан, 2021ж.
|
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, 2024ж. маусым
|
|
2 |
Аманбаев Төлеген Рахманович |
ф.-м.ғ.д., профессор |
44 жыл |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, маусым ,2021ж.
|
6В06140 -Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, 2024ж. қаңтар
|
|
3 |
Тилеуов Гамидулла Есболович |
магистр, ағаоқытушы |
15 жыл |
Инновациялық білім беру орталығы, Шымкент қ. желтоқсан, 2021ж. |
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
Қ.Ясауи атын. ХҚТУ курстары, Түркістан қ. 2024ж. қараша |
|
4 |
Жолшиева Альмира Зұлпұқаровна |
магистр, аға оқытушы |
18 жыл |
Инновациялық білім беру орталығы, Шымкент қ. қаңтар, 2022 ж. |
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов атын. ОҚУ курстары, 2024 ж. желтоқсан |
|
5 |
Исмаилов Бахтияр Рашидович |
т.ғ.д.,профессор |
46 жыл |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, маусым, 2021ж.
|
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, 2024ж. қаңтар
|
|
6 |
Иманбаева Айгуль Баратовна |
ф.-м.ғ.к.,доцент |
32 жыл |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, ақпан, 2022ж.
|
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
Қ.Ясауи ат. ХҚТУ, Түркістан қ., 2025ж. қаңтар
|
|
7 |
Абдусалиев Нурислам Алдияруғли |
магистр, оқытушы |
1 жыл |
М.Әуезов атын. ОҚУ магистратура 7М06140-Информатика (ғылыми) 2020-2022 ж.ж. |
6В06140 -Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов атын. ОҚУ курстары, 2023ж. желтоқсан |
|
8 |
Сүлеймен Олжас Мұратұлы |
магистр, оқытушы |
- |
М.Әуезов атын. ОҚУ магистратура 7М06140-Информатика (ғылыми) 2021-2023 ж.ж. |
6В06140 -Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов атын. ОҚУ курстары, 2025ж. желтоқсан |



«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасы
Кафедрада академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
– кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары;
– Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары білім алушыларының академиялық ұтқырлығы тұжырымдамасы;
– СМЖ ЮКУ ПР 7.11–2020 «Студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру».
Алмасу бағдарламаларын үйлестіруді Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы жүзеге асырады. Бұл орталық білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының ұлттық және халықаралық бастамаларға қатысуына қолдау көрсетеді.
Академиялық ұтқырлықтың стратегиялық рөлі
Академиялық ұтқырлық «Компьютерлік инженерия және энергетика» жоғары мектебін дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Келесі бағыттар жүзеге асырылады:
✔ Ішкі ұтқырлық (Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқу)
✔ Сыртқы ұтқырлық (шетелде бір семестр немесе академиялық кезең оқу)
✔ Шетелдік шақырылған лекторлар
✔ Қысқы және жазғы мектептер
Төмендегі білім беру бағдарламаларының бакалавриат және магистратура студенттері семинарларға, ақпараттық күндерге және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына тұрақты түрде қатысады:
- 6B06120 – Ақпараттық жүйелер
- 7M06120 – Ақпараттық жүйелер
- 6B06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
- 7M06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
- 6B06121 – Жасанды интеллект технологиялары
Кафедраның халықаралық серіктестігі
Кафедра шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен тұрақты академиялық байланыстар орнатқан.

Жыл сайын шетелдік профессорлар мен сарапшылар дәріс оқу және шеберлік сабақтарын өткізу үшін шақырылады. Шақырылған лекторлардың қатарында келесі жетекші ғалымдарды атап өтуге болады:
Профессор Нур Изура Удзир (Universiti Putra Malaysia, Малайзия),
Профессор Шамсоллах Гандбари (Islamic Azad University, Иран),
Профессор Юсмади Джусох (Universiti Putra Malaysia, Малайзия),
Профессор Фатима Халид (Universiti Putra Malaysia, Малайзия),
Профессор Масра Азрифа (Universiti Putra Malaysia, Малайзия).
Студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру
6B06120 «Ақпараттық жүйелер», 7M06120 «Ақпараттық жүйелер», 6B06140 «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 7M06140 «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 6B06121 «Жасанды интеллект технологиялары» білім беру бағдарламалары аясында кафедрада студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы белсенді түрде жүзеге асырылады.
Кафедра студенттері жыл сайын Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелдік университеттерде білім алып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтайды және ақпараттық технологиялар мен модельдеу саласындағы заманауи тәсілдерді меңгереді.
Ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алып, ақпараттық жүйелер, цифрлық технологиялар және қолданбалы бағдарламалау бағытындағы пәндерді игереді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық келесі шетелдік университеттерді қамтиды:
- Brno University of Technology (Чехия) — ақпараттық технологиялар және инженерлік жүйелер бағыттары;
- Universiti Putra Malaysia (Малайзия) — заманауи IT шешімдері мен бағдарламалық инженерия;
- Chemnitz University of Technology (Германия) — компьютерлік модельдеу және бағдарламалық жүйелерді әзірлеу;
- University of Lodz (Польша) — ақпараттық жүйелер және деректерді талдау;
- Halic University (Түркия) — IT және цифрлық платформалардың қолданбалы аспектілері.
Кафедра студенттерінің академиялық ұтқырлығының географиясы Еуропа және Азия елдерін қамтиды, оның ішінде Чехия, Германия, Польша, Түркия және Малайзия бар.
Мұндай білім беру бағыттарының әртүрлілігі келесілерді қамтамасыз етеді:
- студенттердің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануын;
- озық білім беру технологияларын меңгеруін;
- көпмәдениетті ортада кәсіби құзыреттерінің дамуын;
- шетел тілдерін меңгеру деңгейінің артуын;
- әртүрлі білім беру жүйелеріне бейімделу дағдыларының қалыптасуын.
Студенттердің меңгерген пәндерінің кафедраның білім беру бағдарламаларына сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінеді, бұл олардың оқу нәтижелерін толық қайта есептеуге мүмкіндік береді.





Практиканың негізгі міндеті – практика өткізілетін және өндірістік дағды мен әдістер меңгерілетін ұйымның, мекеме немесе кәсіпорынның жұмысын терең зерттеу негізінде білімалушылардың ЖОО-дағы оқыту процесінде алған теориялық білімдерін бекіту.
ҚР мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандартына сәйкес практиканың төмендегідей түрлері қарастырылған: оқу, оқу-таныстыру, өндірістік және басқалар.
Оқу практикасының мақсаты білімалушыларды ЖОО жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларымен, ЖОО-ның іс-әрекетімен, мамандығымен, болашақ кәсіби іс-әрекеттің міндеттері мен қызмет түрлерімен таныстыру.
Университет тарапынан оқу практикасының жетекшісі ретінде кафедраның жетекші оқытушылары тағайындалады. Оқу практикасы пәнді меңгертудің жалғасы ретінде анықталған жағдайда оны кафедраның осы саладағы оқытушылары жүргізеді.
Өндірістік және дипломалды практикасының жетекшілері ретінде кафедраның жетекші оқытушылары (профессорлар, доценттер, аға оқытушылар) тағайындалады. Кафедра үнемі іс-тәжірибе өту базаларын кеңейтіп отырады.
Практика базалары:
- ЖШС «Баланс Сервис» (Шымкент қ,);
- ЖШС «INNOVA Corporationcompany» - Компьютер қызметтерін көрсететін мекемесі ;
- ЖШС «IT InvestGroup» Компьютерлік бағдарламалар қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
- «Теориялық және қолданбалы математика» ғылыми орталығы;
- ЖШС «Азия ІТ Сервис» (Шымкент қ.)
- ЖШС «Асадқұрылыс» - Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі;
- ЖШС «ҚызметкерСБ» (Шымкент қ.);
- ЖШС «Сфера -Ф» Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
- ЖШС «Жомарт-Қамқор» - Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
- ЖШС «Энерго импульс оқу-орталығы» (Шымкент қ.)
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Шымкент қаласы
- ЖШС «Табыс-Е» (Жетісай қ.);
- ЖШС «Строитель» - Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
- Отырар ауданы жерқатынастары мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы
- ЖШС "Бал текстиль "(Шымкент қ,);
- «Қазақстан Темір Жолы» АҚ – темір жол қызметтерін көрсету мекемесі(Шымкент қ,);
- ЖШС «РЦКУ-Шымкент» (Шымкент қ,);
- Шымкент қ. Абай ауданы әкімінің аппараты




