Жаңалықтар
Әуезов университеті кәсіптік білім беру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
- Қаралды: 20
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісімнің негізгі мақсаты – білікті кадрлар даярлау сапасын арттыру, жастарға кәсіптік бағдар беру, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және дуалды оқыту жүйесін дамыту. Ынтымақтастық аясында екі оқу орны білім беру, ғылым және өндірістік тәжірибе бағыттарындағы байланыстарды нығайтады.
Меморандумға сәйкес, студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қолдау, оқу-әдістемелік материалдармен алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар оқытушылардың біліктілігін арттыру және кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалады.
Әуезов университеті ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, қауіпсіздік және энергетика салалары бойынша білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуге қатысады. Сондай-ақ колледж студенттеріне университеттің кітапхана қорын, ғылыми әлеуетін және арнайы зертханаларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
Бұдан бөлек, кәсіптік бағдар беру кездесулерін, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды, бірлескен байқаулар және зияткерлік жарыстарды өткізу көзделген. Тараптар түлектерді жұмыспен қамту мәселесінде де өзара қолдау көрсетеді.
Аталған меморандум Әуезов университетінің білім беру ұйымдарымен байланысын нығайтып, кадр даярлау жүйесін жетілдіруге, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және білім мен ғылым интеграциясын кеңейтуге бағытталған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз