Жаңалықтар
Тарихи құжаттар – ұлттық жадтың негізі
- Қаралды: 27
Биыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Оңтүстік өңір архивінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Осы қос мерейтойға орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Қазақстан тәуелсіздігіне – 35 жыл: архив құжаттары, тарихи жады және ұлттық тарихты зерделеудің мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Іс-шараны университеттің Тарих және педагогика факультетіндегі «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасы Түркістан облысының мемлекеттік архивімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған профессор-оқытушылар, студенттер және архив саласының мамандары қатысты. Жиында тәуелсіздік кезеңін құжаттық деректер негізінде зерттеу, ұлттық тарихи жадты жаңғырту, қорларды сақтау мен цифрландыру, сондай-ақ мәдени мұраны ғылыми айналымға енгізу бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер аясында ұлттық мемлекеттілік пен тарихи сабақтастық туралы пікірлер айтылды.
Факультет деканы Қ. Уразбаев басқосудың тарихи мұраны насихаттау мен жастардың тарихи санасын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің директоры Г. Шардарбекова қорларда сақталған өңір шежіресіне қатысты құнды құжаттардың ғылыми маңызына тоқталды. Ал Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің директоры К. Тасыбекова мекеменің ғасырлық даму кезеңдері, құжаттарды сақтау, жүйелеу және цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Университеттің Ақпараттық-білім беру орталығының басшысы И. Саурбаева «Кітап оқитын ұлт» тақырыбында баяндама жасап, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және тарихи танымды қалыптастыру мәселелерін көтерді. Семинар аясында «Ғасырлық жад – ұлтқа аманат» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды. Онда өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінен сыр шертетін құнды құжаттар мен материалдар ұсынылды.
Қорытынды бөлімде ғалымдар мен архив мамандары дереккөздерді ғылыми зерттеулерде тиімді пайдалану және университет пен архив мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз