Әуезов университеті мен «Daryn.Online» ЖШС ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Daryn.Online ЖШС директоры Батырқұл Мақсат Мұхитдинұлымен кездесу өтті. Тараптар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады.
 
Кездесу барысында Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне қатысты мәселелер, мектеп бітірушілерді сапалы даярлау, талапкерлердің білім деңгейін арттыру және олардың жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері айтылды. Сондай-ақ университетке түсуші талапкерлер санын арттыру, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына қолдау көрсету және заманауи білім беру ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы бірлескен жұмыстардың мүмкіндіктері талқыланды.
 
Тараптар мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы білім беру сабақтастығын нығайту, оқушылардың пәндік дайындығын жетілдіру және жастардың жоғары білім алуына қолайлы жағдай жасау бағытында өзара іс-қимылды дамытуға мүдделілік танытты.
 
Кездесу соңында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен Daryn.Online ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат білім беру саласындағы серіктестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және талапкерлерді даярлау сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.