Жаңалықтар
ICITE 2026: Әуезов университетінде өнеркәсіпті дамытуға арналған Хакатон өтті
- Қаралды: 13
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» XIII халықаралық конференциясы (ICITE 2026) аясында Хакатон өтті.
Іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық шешімдерді іздестіруді көздеді. Жұмыстың негізгі бағыттары тиімді агрохимикаттарды әзірлеу, ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеудің көміртекті технологияларын енгізу, цемент өндірісіндегі CO және CO₂ шығарындыларын азайту, керамзит өндіру технологиясын оңтайландыру, сондай-ақ қаланың ауа бассейнін тазартудың инновациялық жүйелерін жасау болды.
Хакатон барысында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар бес негізгі мәселені талқылап, оларды шешуге бағытталған ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірледі. Заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік үдерістерді цифрландыруға, кәсіпорындарды автоматтандыруға және озық инженерлік шешімдерді қолдануға ерекше назар аударылды. Хакатон ғылыми біліммен, практикалық тәжірибемен және инновациялық идеялармен алмасуға, сондай-ақ университет, мемлекеттік органдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған тиімді алаңға айналды.
Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар практикада қолдануға және одан әрі іске асыруға бағытталған ұсыныстар мен жобаларды таныстырды. Хакатон инновациялық бастамаларды дамытуға, жас зерттеушілердің әлеуетін ашуға және жаңа ғылыми-өндірістік жобаларды жүзеге асыруға негіз қалыптастыруға ықпал етті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз