Жаңалықтар
ICITE-2026: университет пен өндіріс орындары серіктестікті нығайтуда
- Қаралды: 20
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» тақырыбындағы XIII халықаралық ICITE-2026 конференциясы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын ғылыми жиынға ғалымдар, өндіріс орындары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, Шымкент қаласы мен Қазақстанның оңтүстік өңірінің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми зерттеулер, білікті кадр даярлау және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу бағыттарына басымдық берілді.
Биылғы конференция Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының 35 жылдығына арналды. Ашылу салтанатында аталған академиялардың құттықтау хаттары оқылды.
Пленарлық отырысты университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген ашып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар «Ғылым, білім және өндіріс интеграциясы негізінде өңірлік экономика мәселелерін шешудегі университеттің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Жиында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ермек Полатұлы Тұрманов, «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары Айдос Абайұлы Ысқақ және «Қазцинк» ЖШС Еңбек ресурстары басқармасының басшысы Елена Ярославовна Калацынская құттықтау сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Пленарлық отырыста шетелдік ғалымдар да өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Гент университетінің (Бельгия) профессоры, топырақтану және өсімдік шаруашылығындағы дәлме-дәл технологиялар тобының жетекшісі Abdul Mouazen агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар мен зияткерлік жүйелерді қолдану мәселелерін қозғады. Ал Universiti Putra Malaysia қауымдастырылған профессоры Novia Indriaty Admodisastro жасанды интеллект пен цифрлық инновациялар негізінде ғылым, білім және өндіріс арасындағы ынтымақтастықты дамытудың болашағын тілге тиек етті.
Өнеркәсіптік серіктестер жаңа буын композициялық материалдарын әзірлеу, ғылыми-технологиялық ынтымақтастық және қара металл сынықтарын ауыл шаруашылығы құралдарының жұмыс бөлшектеріне қайта өңдеу технологиялары бойынша баяндамалар ұсынды. Атап айтқанда, «Marble Life Group» ЖШС, «PlasmaScience» ҒӨК ЖШС және «Gross Metal Engineering» ЖШС өкілдері өздерінің өндірістік және технологиялық жобаларымен таныстырды.
Конференция аясында университет пен «Қазцинк» ЖШС, «PlasmaScience» ҒӨК ЖШС, «Marble Life Group» ЖШС және «Gross Metal Engineering» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы төрт меморандумға қол қойылды. Келісімдер бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, технологиялық әзірлемелерді дамытуға және оларды өндіріске енгізуге бағытталған серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз