Жаңалықтар
Әуезов университетінің франциялық әріптестермен ынтымақтастығы жандана түседі
- Қаралды: 22
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Францияның Пуатье университетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегацияны аталған оқу орнының халықаралық саясат жөніндегі вице-президенті Стефан Мотте бастап келді.
Қонақтар қатарында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық бағдарламалары бойынша халықаралық сарапшы Аньес Буссе болды. Басқосуға университеттің факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, сондай-ақ халықаралық байланыстар саласының мамандары қатысты.
Кездесу барысында екі университет арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды кеңейту, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және серіктестіктің перспективалық бағыттарын айқындау мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, химия және шет тілдері салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, тәжірибе алмасуға, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер аясындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тараптар білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік орнату – Әуезов университетінің стратегиялық даму бағыттарының бірі. Мұндай байланыстар білім беру сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті нығайтуға, озық халықаралық тәжірибені оқу үдерісіне енгізуге және университеттің әлемдік академиялық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Пуатье университетінің өкілдерімен өткен кездесу Қазақстан мен Франция арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Басқосу қорытындысында тараптар өзара байланыстарды одан әрі өрістетіп, ортақ мүдделерге негізделген жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
Әуезов университеті халықаралық әріптестік аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге басымдық береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз