Жаңалықтар
Әуезов университетінің қос ғалымы жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды
- Қаралды: 27
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің тағы да қос ғалымының еңбегі жоғары бағаланып, мерейі үстем болды. Республика күні қарсаңында университет оқытушылары Батухан Баймен Әбдікерімұлы мен Ильясов Марат Даңғылұлы жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.
«Мәдениет және өнер» факультетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының доценті, елімізге танымал график-суретші, линографист Батухан Баймен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» медалімен марапатталды. Жоғары награданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Республика күніне орай өткен салтанатты рәсімде табыстады.
Ал Шымкент қаласында өткен мерекелік іс-шарада «Мәдени тынығу жұмысы» кафедрасының профессоры Марат Ильясовқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Парасат» орденін тапсырды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Ұлттық ғылым мен өнердің дамуына қосып жүрген үлестеріңіз артып, шығармашылық ізденістеріңіз жаңа жетістіктерге жол ашсын! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз