Жаңалықтар
«ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»: Ұрпақтар сабақтастығы – қоғамның рухани капиталы
- Қаралды: 23
1 қазан – Қарттар күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбиелік-танымдық дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің мақсаты – аға буынның өмірлік және кәсіби тәжірибесін жас ұрпаққа насихаттау, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығының маңызын арттыру.
Дөңгелек үстелде отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүр, кәсіби сабақтастық, жастар тәрбиесі және аға буынның қоғамдағы рөлі талқыланды. Студенттер тәжірибелі ұстаздармен ашық пікір алмасып, тағылымды кеңестер алды.
Іс-шараға Басқарма мүшесі Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ғани Бесбаев, техника ғылымдарының докторы, профессор Ордабай Сембиев, педагогика ғылымдарының магистрі Сембай Бейсенов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Уткур Алиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сарсебай Карибаев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мираш Таубаева, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Клара Уразбаева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Саипжамал Корганова қатысты.
Кездесу соңында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдіріліп, «Әуезов һәм Абай» кітабы сыйға тартылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз