Юсуф Нұрай «Miss Shymkent – 2026» байқауында ІІ вице-мисс атанды

Шымкентте сұлулық пен өнерді ұштастырған «Miss Shymkent – 2026» байқауы мәресіне жетті. Іріктеу кезеңіне қатысқан 115 үміткердің ішінен тек 15 ару суырылып шығып, финалда бас жүлде үшін бақ сынасты. Осы тартысты кезеңде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, 1Тарих және педагогика1 факультетінің студенті Юсуф Нұрай жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 2-Вице-мисс атағын иеленді.
Нұрайды осы айтулы жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Бұл жетістік – арудың таланты мен оған алғашқы дайындық күндерінен бастап жан-жақты демеу болған университет ұжымының бірлескен еңбегінің ортақ нәтижесі деп білеміз.
Жеңісті күндер көп болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.