Жаңалықтар
Әуезов студенті София Шульженко – Азия ойындарының қола жүлдегері
- Қаралды: 29
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Басқару және бизнес» Жоғары мектебінің студенті София Шульженко Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында оқ атудан командалық жарысқа қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол 50 метр қашықтықтан малокалибрлі винтовкамен үш қалыпта ату сайысында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, командаластарымен бірге 1754 ұпай жинап, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
София, жеңісті жолың жалғаса берсін! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
София, жеңісті жолың жалғаса берсін! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз



