Жаңалықтар
Әуезов университеті мен «Ордабасы» ынтымақтастығы жалғасады
- Қаралды: 30
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген «Ордабасы» футбол клубының матч-менеджері, осы университеттің түлегі Жанғали Маликайдаровпен кездесіп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері сөз болды.
«Ордабасы» футбол клубы Шымкенттің спорттық өмірінде өзіндік тарихы қалыптасқан командалардың бірі. Бүгінде клубтың маңына мыңдаған жанкүйер топтасып, команда қаладағы футболға деген қызығушылықтың артуына ықпал етіп отыр.
Әуезов университеті «Ордабасы» футбол клубына бұған дейін де қолдау көрсетіп келеді. Алдағы уақытта бұл байланысты жаңа бастамалармен жалғастыру, ортақ жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы ретте «Ордабасы» футбол клубының матч-менеджері Жанғали Маликайдаров университеттің Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлегенге клубтың брендтік өнімдерін табыстады.
Университет пен клубтың өзара байланысы алдағы уақытта да жастарды спортқа тартуға және білім алушылардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталмақ.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз