Жаңалықтар
№7 оқу ғимаратындағы мәселелер жан-жақты сараланды
- Қаралды: 14
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде білім сапасын арттыру мәселесі оқу аудиториясынан бастап ғылыми зертханаға дейінгі кеңістікті қамтиды. Осы мақсатта Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген №7 оқу ғимаратына барып, «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу кабинеттері мен зертханалардың жағдайы, білім алушыларға жасалған мүмкіндіктер және ғимараттың материалдық-техникалық жарақтандырылуы назарға алынды.
Нысандарды аралау кезінде жөндеуді қажет ететін тұстар айқындалып, бірқатар мәселе бойынша жауапты мамандармен пікір алмасты. Әсіресе жаратылыстану ғылымдары бағытында білім алатын студент үшін теория мен тәжірибенің қатар жүруі маңызды. Заманауи зертхана тек сабақ өтетін бөлме емес, ол студенттің ізденісіне жол ашатын, ғылыми ойының қалыптасуына ықпал ететін орта. Сондықтан қолда бар инфрақұрылымды тиімді пайдалану және оның мүмкіндігін кеңейту университет алдындағы маңызды міндеттердің бірі.
«Білім мен ғылымға қажетті жағдайды бірге қалыптастырамыз. Студенттің теориямен қатар тәжірибе жасап, ғылыми ізденіске араласуына мүмкіндік болуы керек. Сондықтан оқу ғимараттарындағы әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Анықталған кемшіліктерді кезең-кезеңімен түзеп, қолданыстағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға тиіспіз»,- деді Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген.
«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебінде болашақ педагогтермен қатар жаратылыстану бағытындағы мамандар даярланады. Бұл бағыттың ерекшелігі – білім берумен бірге ғылыми ізденіске де басымдық берілуінде. Осы ретте зертханалардың мүмкіндігін арттыру, оқу-тәжірибелік базаны жаңғырту және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қажетті жағдай жасау алдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болмақ.
Оқу ғимаратын аралау барысында назарға алынған мәселелер бір күндік жұмыспен шектелмейді. Олардың әрқайсысы уақытымен қаралып, мүмкіндігіне қарай нақты шешімін табады. Өйткені университеттің сапасы оның ғимараттарының сыртқы келбетімен ғана емес, сол кеңістікте жасалып жатқан білім мен ғылымның нәтижесімен өлшенеді. Оның негізінде студентке жасалған мүмкіндік жатыр.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз