PhD дипломы табысталды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген «Экология» кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова Айдана Маратқызына философия докторы (PhD) дәрежесінің дипломын табыстады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі №526 бұйрығына сәйкес, Айдана Маратқызына 8D07160 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
2026 жылғы 24 сәуірде Айдана Маратқызы т.ғ.д., профессор Жантасов Құрманбек Тажмаханбетұлының ғылыми жетекшілігімен «Шартқа сәйкессіз фосфатты-кремнийлі шикізаттың және ЖЭО қалдықтарының негізінде микроэлементтері бар баяу әсерлі тукоқоспалар алу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғаған болатын.
 Қожахметова Айдана Маратқызын PhD дәрежесін алуымен құттықтаймыз! Ғылыми жолыңызға толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.