Білім сапасы мен ғылыми әлеуетті арттыруға басымдық беріледі

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебін аралап, білім алушылармен кездесіп, оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысымен танысты.
 
Аралау барысында жоғары мектептің материалдық-техникалық базасы, шығармашылық бағыттағы оқу аудиториялары мен арнайы кабинеттері, ғылыми зертханалардың жұмысы таныстырылды. Студенттер мен оқытушылардың тәжірибелік және ғылыми жобаларына да назар аударылды.
 
Қазіргі таңда жоғары білім сапасы теориялық біліммен ғана шектелмейді. Білім алушылардың заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі, тәжірибе жинақтауы және ғылыми ізденіспен айналысуы үшін қажетті жағдай қалыптастыру маңызды. Осы бағытта ғылымды қаржыландыруға, жас ғалымдардың жобаларын қолдауға және заманауи зертханаларды дамытуға басымдық беріліп келеді.
 
Сонымен қатар жоғары мектепте шешімін қажет ететін мәселелер де бар. Атап айтқанда, оқытушыларды заманауи компьютерлік құрылғылармен, ал студенттерді талапқа сай оқу аудиторияларымен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Осыған байланысты тиісті тапсырмалар берілді. «Бұл жұмыстарды созбалаңға салмай, нақты нәтижеге бағыттау қажет. Алдымызда білім сапасын арттыру, ғылым мен өндірістің байланысын күшейту және студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру міндеті тұр»,- деді Мұхтар Төлеген.
 
Университеттің әрбір факультеті мен жоғары мектебі – білім ордасының ортақ жетістігіне үлес қосатын маңызды буын. Сондықтан олардың әлеуетін тиімді пайдаланып, білім мен ғылымды қатар дамытуға қажетті жағдай жасау басты міндеттердің бірі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.