«QAZAQTANÝ» ғылыми журналының жаңа саны жарық көрді

М. Әуезов атындағы ОҚЗУ «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми-зерттеу институтының «Тарих және этнология» ғылыми орталығы «QAZAQTANÝ» ғылыми журналының 2026 жылғы III тоқсанға арналған №3 (31) саны жарық көргенін хабарлайды.
Жаңа санда Қазақстан және шетел ғалымдарының археология, тарих, этнология, антропология, Алтын Орда тарихы, шығыстану, Орталық Азия халықтарының тарихы, әлеуметтік антропология, қазақ қоғамының мәдениеті мен ұлттық құндылықтары бағыттарындағы зерттеулері жарияланды. Сондай-ақ кеңестік кезең тарихы мен діни саясат, деректану, Оңтүстік Қазақстанның этникалық құрамы, көркемдік-мәдени мұра және білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар қамтылған.
Басылымда ҚР ҰҒА Ғылым комитеті қаржыландыратын жобалар аясындағы зерттеу нәтижелерімен қатар, ғылыми қызметкерлердің, докторанттардың, жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтарының, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА академиктері мен халықаралық сарапшылардың еңбектері ұсынылған.
Басылымның толық нұсқасы «QAZAQTANÝ» журналының ресми сайтындағы https://qazaqtany.auezov.edu.kz  «Шығарылымдар архиві» бөлімінде кезең-кезеңімен орналастырылып, республикалық және халықаралық ғылыми базаларға енгізіледі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.