Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Eurasia Foundation (from Asia) қорынан грант алды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Integration Processes of the Central Asian Countries» ғылыми-білім беру жобасын іске асыру үшін Eurasia Foundation (from Asia) қорының гранттық қолдауына ие болды.
Жобаның үйлестірушісі — Тұрмышаева Арида Тұрғанбекқызы, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.
Жоба 2027 жылғы ақпан-маусым айлары аралығында Орталық Азия елдерінің интеграциясы мен ынтымақтастығына арналған оқу курсы аясында жүзеге асырылады. Жобаны іске асыруға қазақстандық және халықаралық сарапшылар мен лекторлар қатысады.
Курс студенттерге өңірлік ынтымақтастықтың заманауи үдерістерімен танысуға, Орталық Азияның дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және халықаралық қатынастар саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Бұл — Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Eurasia Foundation (from Asia) қоры қолдау көрсеткен екінші жобасы. Жаңа гранттық қолдау халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және университеттің Орталық Азияға бағытталған білім беру бастамаларын дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.